Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:47, 29 Желтоқсан 2022

Екібастұздықтар тағы жылусыз қалды

None
None

Екібастұзда көпқабатты және жеке үйлер жылу желілерінің бұзылуына байланысты жылудан ажыратылады, — деп хабарлайды Жас Алаш  Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС хабарлауынша, ақау Момышұлы көшесі, 69 үйге қарай тартылған орамішілік жылу желісінде орын алған. Зақымданған құбырды жөндеуге бірнеше сағат қажет.

«Осыған байланысты 29 желтоқсан күні таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 17.00 аралығында көшедегі көпқабатты тұрғын үйлерде жылу берілмейді. Нақтылай айтқанда, Момышұлы көшесіндегі 65, 67, 69, 71, 73, 79, 81, 83/13, 83а мекен-жайларында, Наурыз, 16, 160, Момышұлы, 66а, 71, 75а, 756, 79а жеке үйлерде, сондай-ақ Момышұлы 83/13, 85/12 заңды тұлғалар ғимараттарында жылу болмайды», — делінген хабарламада.

Тегтер: