Экология министрлігі Waste to energy заң жобасын дайындады
Бұлтехнология қалдықтарды электрмен күйдіру арқылы өңдеу дегенді білдіреді. Министрлік келесіжылдың басынан бастапосындай зауыттардың құрылысына аукциондар өткізуді жоспарлап отыр.
Экология министрі Мағзұи Мырзағалиев осы заң жобасыжөнінде:
— Мемлекет басшысыныңҚалдықтарды энергияға айналдыру (Wasteto energy) технологиясын заңнамалық түрде бекіту жөніндегі тапсырмасынакелетін болсақ, министрлік тиісті заң жобасын дайындады, оны Мәжіліс мақұлдады.Осы жылдың күзіндеПарламент Сенатында қаралады деп күтілуде. Мен бірнеше рет атап өткенімдей,бізде орта есеппен республикада қалдықтарды қайта өңдеу үлесі өте төмен.Барлығы 15% ғана.Ал Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 2 есе жоғары – орташа есеппен 30%. Жасылэкономика тұжырымдамасына сәйкес, біз 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 40пайызға жеткізуіміз керек, — деп нақтылап өтті.
Алайдабүгінде Қазақстандағы қоқыс тастауға арналған тарифтер төмен және қаттытұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен жою шығындары ескерілмеген. Сондықтан бұл салағажеке инвесторлардың кіруі тиімді болмайды.
Waste to energy технологиясы жеке инвесторлар үшінқызықты болуы мүмкін. Себебі қалдықтарды жағудың нәтижесінде электр өндіріліп,жалпы электр желісіне сатылады. Келесі жылы осындай зауыт салу үшін инвесторларарасында алғашқы аукцион өткізужоспары бар. Кім электр энергиясына ең төмен баға ұсынса,аукционның жеңімпазы атанады.
Соныменқатар, заң жобасында өрт сөндіру қондырғыларының «Өнеркәсіптік шығарындылартуралы» Еуропалық директивасына сәйкес келетін талаптарға сай жұмыс істейтін болады. М.Мырзағалиевтіңайтуынша, Еуропада мұндай зауыттарда шығарындылардың минималды көрсеткіштерібар. Мәселен, Венада Шпиттелау қалдықтарды жағу зауытында диоксинніңшығарындылары жылына 1 грамға дейін жетеді.
Бізде осындай зауыттардыреспубликаның 6 пилоттық қаласында іске қосуды жоспары қарастырылған.Бұл Ақтөбе, Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Тараз және Шымкент қалалары. Әлеуеттіинвесторлармен жұмыс басталып та кеткен.Қазіргі уақытта біздің министрлік бұл мәселе бойынша әкімдіктермен жеручаскелерінің, инфрақұрылымның және кепілдендірілген қалдықтарды тиеу мәселесібойынша белсенді жұмыс жүргізіпжатыр.
Нұр-Сұлтан қаласында 10-сынып оқушысы, белсенді эко-елшіАружан Сахарянова батыс елдерде танымал болған «Zero waste», яғни әрқайсымызшығаратын қоқыс көлемін азайту деген минимализм идеялары мен нөлдік қалдықағындарын белсенді түрде алға тартады:
- Ия, бұл проблемаөте маңызды және тек мемлекеттен ғана емес, бүкіл қоғамнан да байыптыкөзқарасты талап етеді. Осы мәселелерді көтеруде ел тұрғындарының өздерінеғұрлым белсенді болса, бұл мәселелердің шешілу жолы да жылдамдатады. Әрине,қоршаған ортаны қорғау министрлігі осындай кәсіпорындарда «жасыл»технологияларды енгізуге бастама көтергені өте қуанышты. Себебі мұндай жобаларкөбінесе қағаз жүзінде қалып қойып жатады. Дамыған елдерде экологиялықмәселелерге көп көңіл бөлінеді. Олар тіпті тұрғындарды қоқыс жәшігіне қоқыстыаз тастауға ынталандырады. Мысалы, Оңтүстік Кореяда олар аз қоқыс шығыны үшінақша төлейді. Маған олардың жүйесі ұнады және бұл өте тиімді деп ойлаймын.Азық-түлік қалдықтарына арналған цифрландырылған қоқыс шелектері бар, әр тұрғынөз кодын, үй нөмірін, пәтер нөмірін енгізіп, қоқысты тастайды. Қалдықтарграмммен өлшенеді, содан кейін шығарындылар мөлшері коммуналдық төлемгеенгізіледі.
Еркежан АРЫН