Бүгін, 10:00
Экс-банкир Жомарт Ертаев түрмеге қайтарылды
Сотталған экс-банкир Жомарт Ертаев амнистия бойынша босатуды жойған апелляциялық соттың қаулысын қайта қарата алмайды.
Жоғарғы соттың хабарлауынша, апелляциялық инстанцияның бірінші саты сотының Ертаевқа қатысты амнистия қолдану туралы шешімін жою жөніндегі қаулысы Қылмыстық-процестік кодекстің 484-бабы 2-бөлігінің 2-тармағына сәйкес одан әрі шағымдануға жатпайды. Аталған норма кассациялық тәртіппен қайта қаралмайтын апелляциялық қаулылардың жабық тізбесін айқындайды.
Сондай-ақ Жоғарғы сотта Ертаевтың мерзімінен бұрын босатуға қатысты өтініші сотқа түспегені айтылды. Бұл экс-банкирдің мұндай өтініш бермегенін көрсетеді.
Ал Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Ертаевтың сот шешіміне сәйкес түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқанын растады.