Экс-депутат Нұржан Әлтаевтың үкімі өзгеріссіз қалды

16 қаңтарда апелляция алқасы Нұржан Әлтаевқа шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды. Апелляциялық шешімді судья Н.Е.Баяхметов шығарды, деп жазды Zhasalash.kz.
Cотта тағылған айыптарды жоққа шығарып, өзін билікті сынағаны үшін қудалап отырғанын айтқан Әлтаевтың апелляциялық шағымы алғашқы инстанциядағыдай жабық режимде өтті. Астана соты өкілінің айтуынша, Әлтаев апелляциялық сотқа онлайн қосылған. Сот өкілдері тараптардың сотта келтірген дәйектерін келтірмеген.
Ал, саясаткердің адвокаты Гүлшат Дүйсенова болса, тағы кассациялық тәртіпте шағым түсіретінін айтты.
Депутатқа бірнеше жыл бұрын еңбек министрінің орынбасары болып тұрған кездегі пара алды деген айып тағылған. Ал алғашқы инстанцияда оған 10 жыл түрме жазасы мен мүлікті заңсыз иемденгені үшін мемлекетке 50 млн теңге қайтару үкімі еткен.
El Tiregi партиясының Facebook-те жариялаған апелляциялық шағым мәтінінде Әлтаев сот тергеуінің толымсыздына шағымданғанын көруге болады.