Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:32, 29 Шілде 2020

Елбасының тапсырмасы бойынша праймеризде дауыс беру онлайн өтеді – Бауыржан Байбек

Бұл туралы «Nur Otan» партиясыТөрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі өзпарақшасында жазды.

«Құрметті достар!

«NurOtan» партиясында 17 тамыз бен 3 қазан аралығында праймериз өткізужоспарланғаны белгілі.  Қазақстанныңпартиялық-саяси даму тарихында алғаш рет ол жалпыреспубликалық партияішілікмасштабта өтеді. Бұл партиямыздың «қайта жаңғыруының» және алдағы Мәжіліс пенмәслихаттарға сайлау науқанына дайындығының қорытынды кезеңдерінің бірі. 

Праймериздіңнегізгі мақсаты – партиялық тізімдерді бәсекелі және айқын негіздеқалыптастыру. Нұротандықтар еліміздің барлық аймағында қоғамның сенімі менқолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын өздері анықтайды.

Өкінішкеқарай, коронавирус пандемиясы тыйылар емес және өміріміздің барлық саласынаәсер етіп жатыр. Карантин және әлеуметтік оқшаулану жағдайында біз қашықтанжұмыс істеп, өзара әрекет етуге мәжбүрміз. Мұндай жағдай Қазақстанда жәнеәлемде қашанға дейін созыларын ешкім де болжап айта алмайды.

Бұл– ішкі саяси процестерді де осыған бейімдеуді талап ететін жаңа құбылыс. Себебібарлығымыз үшін негізгі басымдық – азаматтарымыздың денсаулығы.

Осығанбайланысты біз партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыңтапсырмасы бойынша партияішілік сайлауда онлайн-форматта дауыс беру механизмін пысықтадық.Саяси Кеңес мүшелері Праймериз өткізу ережесіне енгізілген тиісті толықтырудысырттай дауыс беру арқылы қолдады.

Өздеріңізбілетіндей, партия қызметін цифрландыру бойынша жүйелі жұмыстар 2014 жылдан-ақбасталған болатын. «Nur Otan» елімізде алғашқы болып «Электронды партия»ауқымды жобасын іске асыруға кірісті. Партияның орталықтандырылған деректербазасы, онлайн қоғамдық қабылдауы, веб-порталы жасалып, мессенджерлер менәлеуметтік желілер арқылы жаңа коммуникация арналары енгізілді.

Жаңацифрлық мүмкіндіктерді халық та қарқынды қолданып жатыр. Карантин енгізілгенсәттен бастап партияға онлайн жүгінушілер саны 5,3 есе, оның ішінде Facebook пенInstagram арқылы – 17,5 есе, ал Whatsapp бойынша – 9,5 есеге артты. Партияныңқоғамдық қабылдауына бірінші жартыжылдықта 224,1 мың адам хабарласты. Бұл өткенжылмен салыстырғанда 3,6 есеге өскен. Осы мәселелердің көбі шешілді жәнебірқатары партия бақылауында.

«Электрондыпартия» жобасы «Праймериз» ақпараттық жүйесін әзірлеуге негіз болды. Олвеб-портал мен мобильді қосымшадан тұрады. Бұл ретте біз шетелдік озықтәжірибелерді зерттеп, тиісінше қолдандық.

Мұндабіз жеті базалық қағидатты басшылыққа аламыз. Атап айтқанда, оларқолжетімділік, автономдылық, айқындық, сенімділік, легитимділік, көпфункционалдық және қауіпсіздік қағидаттарын қамтиды. Бұлар жүйені қолдануғажеңіл етіп, ақпараттық қауіпсіздікті, сайлаушының «таңдау құпиясын», сырттанараласу мен бұрмалау тәуекелдерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

«Праймериз»жүйесі тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтіп, сауалнамаларды жеделжүргізуге, түрлі бастамалар мен заң жобаларын талқылауға, шалғайдағы елдімекендердің тұрғындарының пікірлерін тыңдауға мүмкіндік береді.

Сондықтан«Праймериз» жүйесін әзірлеуге қызу атсалысқан ІТ-мамандар тобы мен партия мүшесіАсқар Жұмағалиевке ерекше алғыс айтқым келеді.

Онлайн-формат– партияның ашық әрі қолжетімді бола түсуіне жасалған тағы да бір қадам.Әсіресе, жастар үшін жақсы мүмкіндік. Елбасының тапсырмасы бойынша әрбірмәслихат пен Мәжіліске арналған партиялық тізімдерде кемінде 20% 35 жасқадейінгі жастарды қамту жоспарланып отыр.

Адалда бәсекелік негізде праймериз өткізу бәріміз үшін маңызды. Сарапшыларқоғамдастығы ағымдағы қоғамдық-саяси мәселелерді шешуде бұдан үлкен үміт күтіпотыр. Мұны таяуда өткен «Nur Otan» жақтастары Лигасының дискуссиясы нақтыкөрсетті.

 Біз Лиганың бүкіл ел көлемінде партияшішіліктаңдаудың өткізілу барысына қоғамдық бақылау жасау бойынша бастамасынқолдаймыз.

«NurOtan» партиясы елімізді сөзбен емес, іс жүзінде дамытқысы келетін барша жандыпраймеризге қызу қатысуға шақырады!» — деді Бауыржан Байбек.

Тегтер: