Елде бір күнде 1544 адамнан коронавирус табылды. Алматыда Covid жұқтырғандар 11 мыңнан асты
28 шілде күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 1544 адамнан анықталды. Вирус жұқтырған 760 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалмаған.
Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Алматы қаласында — 271, Нұр-Cұлтан қаласында — 250, Шығыс Қазақстан облысында — 193, Қарағанды облысында 129 адамнан коронавирус табылған. Қалған облыстарда бір тәулікте анықталған вирус жұқтырғандар жүзден аспайды.
Аймақтар бойынша жағдай мынадай:
- Алматы қаласы — 11 236 (+271 адам жаңадан қосылды),
- Атырау облысы — 10 111 (+58),
- Нұр-Сұлтан қаласы – 10 570 (+250),
- Қарағанды облысы – 8 305 (+129),
- Шығыс Қазақстан облысы – 5 864 (+193),
- Батыс Қазақстан облысы — 5 560 (+80),
- Шымкент қаласы – 4 784 (+51),
- Алматы облысы – 4 188 (+73),
- Жамбыл облысы – 3 391 (+52),
- Ақтөбе облысы – 2 980 (+22),
- Павлодар облысы – 2 987 (+50),
- Қызылорда облысы – 2 859 (+52),
- Солтүстік Қазақстан облысы – 2 912 (+63),
- Маңғыстау облысы – 2 792 (+49),
- Түркістан облысы – 2 698 (+35),
- Ақмола облысы – 2 473 (+51),
- Қостанай облысы – 2 482 (+65).
Ресми дерек бойынша, 86 192 адамға коронавирус жұққан. 56 638 адам жазылған. 28 шілде күнгі мәлімет бойынша, COVID-тан 793 адам қайтыс болған.
Оқи отырыңыз: ДСМ бір аптада 208 адам вирустан көз жұмғанын хабарлады. Марқұмдардың ең жасы 26-да
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасына аптасына бір рет жариялап отыр. Кейбір сарапшылар Қазақстандағы коронавирустан қайтыс болғандардың санына күмәнмен қарайды. Билік коронавирус жұқтырған кем дегенде 319 марқұмды "өліміне басқа дерт себеп болды" деп ресми статистикаға қоспай отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін анализінен коронавирус табылған науқастарды ресми статистикаға қосуға шақырған.
Елде клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмониядан қайтыс болғандардың нақты статистикасы жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ұсынған мәліметі бойынша, елде 1-15 шілдеде 1555 адам пневмониядан көз жұмған.