Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:21, 15 Сәуір 2023

Еліміз русофобия түсінігіне қалай қарайды?

None
None

Еліміздегі бейбітшілік пен тұтастыққа талай ел қызыға қарап отырғаны рас. Елдің бірлігі мен ынтымағын алдыңғы орынға қойған мемлекетіміз жүзден астам ұлтты бір шаңырақ астында тату тәтті ұстап келе жатқаны да талайларға үлгі, тіпті кейбіріне қызғаныш.

Еліміздегі осы ұстанымға қызыққан талай басқа ұлттың өкілдері қазақ тілінде сөйлеп, ұлтқа деген жанашырлығын үнемі көрсетіп келеді. Осы орайда соңғы жылдары көрші елдің белгілі тұлғалары тарапынан елімізге түрлі арандатушы пікірлер айтылып қалып жатқаны да рас. Қолды бір сілтеп қоя салғымыз келгенімен кейбір жағдайда мұндай пікірлер халқымыздың да назарын аудартып жатады. Осы тұрғыдан келгенде елімізде русофобиялық түсінігіне қалай қарайды?

Жалпы елімізде русофобия бар ма? Мәселеге тереңірек үңілу үшін айта кетсек, терминдердің түсініктеме сөздігінде «русофобия» Ресейге қарсы үгіт-насихат немесе орыстардың құқығын таптаушы іс-қимыл деп саналады екен. Осы орайда бірнеше маманға хабарласып, пікірлерін білген едік. Саясаттанушы Айгүл Нұрымбетова «Еліміздің салқынқанды, бәрін таразылап, жеті рет өлшеп бір рет кесетін мінезінің арқасында еліміздегі жүзден астам ұлт өкілі бір атаның баласындай тату тәтті тұрып келеді. Олардың бірде бірі құқығымыз тапталды немесе тілімізге қысым жасалды деп шағым айтып көрген емес. Өз елімізде тұрып, ортамызда өсіп жатқан өзге ұлт өкілдері ондай пікір айтпай отырғанда шекараның арғы бетіндегі біреудің пікірін жай арандатушылық деп қабылдауға толық негіз бар. Сондықтан елімізде русофобия жоқ деп айта аламын.  Елімізде болып жатқан шаралардан барлық ұлт өкілдері бөлініп, қатыспай, сртқа тартып көрген емес. Халқымыз тіліне, ұлтына, дініне бөлінбестен бірігіп қимылдайды. Сонымен қатар Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы мәселеде талас-тартысқа түсіп жатқан жоқ. Өйткені еліміздің әр азаматы ең алдымен бейбітшілікті қалайды. Бұл ең алдымен еліміздегі ұстанып отырған бейбітсүйгіш ұстанымның арқасы деп айта аламын» дейді.     Ал әлеуметтанушы Нұрболат Айекешов «Елімізде ешқандай русофобия жоқ. Мәселен мобилизациядан кейін Ресей азаматтары көп келген елдің бірі – Қазақстан. Егер елімізде русофобия болса жергілікті тұрғындармен арада қандай да бір кикілжіңдер орын алар еді. Ал бұл процесс елімізде білінбей өтіп кетті. Одан бөлек русофобия болса елімізде өмір сүріп жатқан талай орыс ұлтының өкілдері елімізді тастап қашар еді. Тәуелсіздік алғанымызға талай уақыт өтсе де олар осы елді таңдап, қазақтармен бірге өмір сүруде. Олардың немерелері осы елде өсіп өнгенін қалағандықтан олар көшпей отыр. Сондықтан жоқ жерден дау іздеудің қажеті жоқ. Жалпы еліміздің адамдарды да, ұлттарды да алаламай тең дәрежеде қарап, құқығын да қорғап, тіліне, дініне құрметпен қарап отырғаны қуантады. Бұл еліміздің өте дұрыс ұстанымда екенін аңғартады» дейді. Расында да кез келген адамның жеке басына, тіліне, құқығына деген үлкен сыйластықтың арқасында мемлекетімізде талай ұлт өкілі бейбіт өмір кешуде. Тіпті Бас қаламыз Астананың  дінаралық және конфессияаралық диалог алаңына айналып, әлемдік деңгейдегі форум — Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқаны да көп нәрсені аңғартады. Бұл шара бүгінде әлемнің көптеген елдері үшін үлгі бола алатын ұлысаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі ретінде танылды. Осы орайда елімізде русофобиялық түсінік жоқ, керсінше адамзаттың бейбіт өмірі мен түсіністігінің насихаты жолында еліміз талай шараларды атқаруға мұрындық болып, елдің де тұтастығын сақтап келе жатқаны әлем елдеріне үлгі!

Тегтер: