Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:05, 02 Қаңтар 2025

Елімізде есірткі тасымалдаушыларға қатысты жаза жұмсарды

есірткі
Фото: ЖИ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің және әсер етуші заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы заңға қол қойды.

Енді бұл заң есірткіні өндіру, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың есірткіні өндіруге қатысты қылмыстық жауапкершілікті қатайтады. Ал бұл заң бойынша есірткі тасымалдаушыларға қатысты жаза жұмсарды. Жаза аталған қылмысқа тартылатындардың, яғни есірткіні жасырын орналастырушылардың көбі жасөспірімдер мен жастар болғандықтан жұмсартылды. Олардың есірткіні өздері дайындамайтыны, көбіне есірткінің заңсыз айналымын ұйымдастырушылардың қылмыстық тұзағына түсетіндігі ескерілді.

 Мұндай қылмысты ауырлататын мән-жайларсыз бірінші рет жасағаны үшін заңда мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген еді.

Егер қылмысты қайталап жасаса мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ауыр жаза тағайындалған.

Кінәлілер қалай жазаланады?

  • Есірткі өндіру, өңдеу және сату бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу қарастырылған. Лауазымды тұлғалар үшін жаза мерзімі 15 жылдан 20 жылға дейін (бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін болған).
  • Жасырын тасушылар үшін жеңілдік бойынша егер алғаш рет ауырлататын мән-жайларсыз жасалса, 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру (бұрын 10 жылға дейін болатын). Қайталанған жағдайда – 7 жылдан 12 жылға дейін.
  • Қатаң шаралар бойынша, қылмыстық топ құрамында, кәмелетке толмағандар арасында немесе оқу орындарында есірткі таратушылар үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу қарастырылған.

Еске сала кетейік, 19 желтоқсанда Сенат депутаттары «Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл туралы» заңға түзетулерді мақұлдаған болатын. 

Тегтер: