Еліміздегі дәрігерлер балалардың ағзасында қорғасын мөлшерін тексеруді ұсынды
Қазақстандық токсикологтар балалар мен жасөспірімдердің денесінде қорғасынның бар-жоғын тексеруді ұсынып отыр.
Зерттеу тобы міндетті скринингті енгізуді сұрайды. 100-ге жуық қазақстандық мамандар Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныс жасады. Бұған екі жыл бұрынғы зерттеу нәтижелері себеп болған.
Пандемия кезінде Астана, Алматы, Шымкент және Қарағандыдан келген мың баланың денесінде қорғасын бар-жоғына тексеру жүргізілген. Жобаның пилоттық нұсқасы ДДҰ бастамасымен ЮНИСЕФ бақылауымен іске қосылған. Қазақстанда бұл зерттеулерге Ұлттық денсаулық сақтау орталығы жетекшілік еткен. Бір апта бұрын орталық нәтижелерін жариялады.
"Жалпы алғанда, жағдай жақсы. Бірақ біз күткендей емес, алаңдарлық мәселелер де бар. Біріншіден, қорғасынмен улануды тек зертхана арқылы анықтау мүмкін екенін білген жөн. Біздің топ балаларды скринингтітексеруді ұсынады. Ұсыныс жасалды, соны тыңдайды деп сенейік", - деді жоба кураторы Қуаныш Әлімбетов.
Тексеру кезінде 14 балада қорғасынның жоғары мөлшері анықталған. Олар бақылауға алынған. Астанадағы нәтижелер бойынша орташа көрсеткіш қанның декалитріне 10 микрограмм улы металды құрайды. Алматыда бұл көрсеткіш жеті. ДДҰ деректері бойынша 5 микрограммдық деңгей денсаулық үшін қауіпсіз деп саналады.
"Мың баланың 14-інің қанында қорғасын табылды. Атап айтқанда: Шымкент қаласында бір бала, Астана қаласынан жеті бала және Алматы қаласынан алты бала. Олардың қанындағы қорғасынның орташа көрсеткіші 5-тен жоғары. Жоғары концентрациясы анықталған балалардың ата-аналарына болашақта денсаулығына зиян келмеуі үшін тиісті мамандарға хабарласу ұсынылады", - дейді зерттеу тобының мүшесі Алмаз Нарбаев.
Қорғасын - ең қауіпті токсин. Ол миға, бауырға, бүйрекке және сүйектерге енеді. Қандағы оның жоғары деңгейі тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
"Үш жасқа дейінгі балаларды қорғасын деңгейін тексеретін едім, барлық ағзалар мен жүйелер дамып, интеллектуалды дағдылар қалыптасып жатқанда бар болса қорғасынның токсикалық әсерін бейтараптандыру керек. Егер қорғасын ағзадағы улы концентрацияда болса, ол емдеуге келмейтін ауытқуды тудырады, атап айтқанда орталық жүйке жүйесінде", - деп атап өтті Астана қаласының бас штаттан тыс токсикологы Галина Башинская.
ДДҰ зерттеу 10 аса қауіпті химиялық элементті анықтаған. Олардың барлығы адамда әртүрлі ауытқуды тудыруы мүмкін деп саналады. Олардың ішінде термометрде болатын сынап, саңырауқұлақ пен майлы етте болатын ванадий бар.