Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:36, 16 Шілде 2020

Елтайда бес отбасыға баспана кілті табыс етілді

Мамырдақатты жауған жауынның салдарынан Шымкент қаласындағы Елтай тұрғын алабындабіраз үйлер бүлінген болатын.

Жуырда қала әкімі Мұрат Әйтенов табиғи апаттың салдарынан зардап шеккен Елтай тұрғыналабындағы 5 отбасыға баспана кілтін табыстады.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, құрылысы бір жарым айдааяқталған үйлердің өлшемі 11х11 метрді құрайды.

Ал аумағы 112.36 шаршы метр. Сонымен қатар, қабырғасыгазаблоктан, шатыры профнастилден салынған. Бұдан бөлек, ішкі және сыртқы әрлеужұмыстары да жүргізілді. Үйлердің құрылысын «Bi Group» компаниясы өз қаржысыесебінен жүргізді.

Баспана иелерін жаңа қонысымен құттықтаған қала басшысыаталмыш құрылыс мекемесіне алғысын жеткізді.

Сонымен қатар Елтай тұрғын алабын қайта қалпына келтіружұмыстарымен танысқан қала әкімі орташа жөндеуден өткен Баубақша мен Нұрсәткөшелерін аралап көрді.

Жалпы тұрғын алапта 5,5 шақырымды құрайтын 3 көше мен 1көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға бюджеттен186,5 млн. теңге қаржы қаралған.

Тегтер: