Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:54, 20 Қараша 2020

Ең маңыздысы-тәртіпке бағыну

None
None

Шымкентте коронвирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, бәрі өзімізге байланысты.

– Біз коронавируспен ауырып жатқан науқастар туралы ақпаратты күнделікті ашық жариялаймыз. Бірақ көпшіліктің статистикаға алаңдаушылығы төмен. Ашығын айтайын, егер санитарлық талап орындалмаса, әлеуметтік арақашықтық сақталмаса, қоғамдық ортада бетпердесіз жүрсек, той-жиындардан бас тартпасақ, індеттің «екінші толқыны» етек алуы әбден ықтимал. Яғни, вирусқа әлемнің өзі қарсы тұруға қауқарсыз.

Оның қарқыны қандай боларын тап басып ешкім айта алмайды. Дәрігерлердің қолынан келері – науқасқа көмек көрсетіп, аурудың алдын алу шараларын жүргізу ғана,-дейді  Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.

Мегаполистің бас дәрігерінің айтуынша, ең маңыздысы – санитарлық талаптарды қатаң сақтап, тәртіпке бағынған абзал

Тегтер: