Еңбек министрлігі жылдың соңында жұмыссыздық деңгейінің өсетінін болжады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздық деңгейіне қатысты болжамды әлі қарастырған жоқ.
— Осы жылдың соңына қарай жұмыссыздық деңгейі 6,1% деңгейінде болады деп күтіледі. Бұл болжамға оі және теріс әсер ететін бірнеше фактор бар. Теріс әсері жағына келетін болсақ, бұл ретте пандемияны айтуға болады. Біз қазір пандемияның екінші толқыны болатынын болжап отырмыз. Егер екінші толқын болса немесе карантиндік шаралар жалғасатын болса, әрине ол динамикаға теріс әсер етеді. Сонымен бірге, оң факторларға келетін болсақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» өз нәтижесін беруде, — деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов ОКҚ-да өткен брифингте.
Оның айтуынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі — 4,8%, екінші тоқсанда 5% болған. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын және Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру оның деңгейін 5% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік бере алады.
— Жағдайға байланысты ол қайта қарастырылуы да мүмкін (жұмыссыздық болжамы — шамамен), жақсы жағына, сол секілді нашар жағына да қарай. Бірнеше әсер етуші факторлар бар, біз оларды бақылауды жалғастырамыз. Әзірге, біз жыл соңына дейін 6,1% деп болжам жасаймыз, — деп сөзін толықтырды вице-министр.