Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:11, 15 Қаңтар 2024

Енді студенттерге оқу ақысын төлеу үшін 10 жылға дейін несие берілуі мүмкін

несие
Фото: из открытых источников

Құжатқа сәйкес, несие ұлттық валютамен 10 жылға беріледі.

Елімізде Жоғары оқу орнының студенттері, магистранттар мен докторанттарға оқу ақысын төлеу үшін несие берілуі мүмкін. Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім беру несиесін әзірлеп, қоғам талқысына ұсынды, деп хабарлайды Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Құжатқа сәйкес, несие ұлттық валютамен 10 жылға беріледі. Төлем оқу орнын бітірген соң емес, қарыз берілгеннен кейінгі айдан басталады. Егер студент академиялық демалыс алса – төлем уақыты шегеріледі.
Несиені алу үшін үміткер Қазақстан аумағындағы университеттің не одан кейінгі оқу орнының студенті болуы керек. Тәлімгердің қолында оқу құнының кемінде 10 пайызы мөлшерінде қаражаты барын растайтын білім беру жинақтау сақтандыру шарты болу керек.

Егер студент ата-ана қамқорлығынсыз қалса – тұрақты табысы бар, еңбекке қабілетті Қазақстан Республикасының бір азаматы кепіл болуы қажет. Ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттерге соңғы талап – міндетті емес.





Тегтер: