Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:02, 19 Ақпан 2024

"Енді жуынбаймыз ба?": Ақтөбеліктер су тарифтерінің өзгеруіне наразы

Ақтөбе
Фото: из открытых источников

Қазақстанда ауыз суды тұтынуға жаңа тариф енгізілді. Енді қазақстандықтар суды тұтыну көлеміне қарай коммуналдық төлемді әртүрлі төлейтін болады. 

Жаңа механизмге сәйкес, бір адамға белгіленген норма шегінде ауыз су қызметтерін тұтыну көлемі бойынша «халық» тұтынушылар тобы үшін саралау енгізілген.

Аталған өзгерістерге Ақтөбе тұрғындары өз наразылықтарын білдірді. Әлеуметтік желіде олар "Біз қарсымыз!, Жақында су алтын болады, тарифті қайда көтеріп жатыр, кейбіреулердің тіпті тамақ алуға ақшалары жетпейді", "Тот басқан суға кім жауап береді?"- деп жарыса жазуда олар. 

Еске салайық, бұған дейін тарифтің төрт деңгейін жазған едік. 

I топ - айына үш текше метрге дейін тұтыну кезінде қолданыстағы тариф қолданылады (халықтың 49% тұтынады);
II топ - айына үш текше метрден бес текше метрге дейін тұтыну кезінде тариф ағымдағыдан +20 пайызға өседі (халықтың 20% тұтынады);
ІІІ топ - айына бестен 10 текше метрге дейін тұтыну кезінде тариф ағымдағыдан +50% өседі (халықтың 20% тұтынады);
IV топ - айына 10 текше метрден астам тұтыну кезінде тариф ағымдағыдан 100% немесе екі есе өседі (халықтың 11% тұтынады).