Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:16, 30 Наурыз 2020

Эпидемияның тоқтағанын айтқан Қытай екінші толқынынан қауіптенеді

None
None

Өткен жылдың соңында коронавирус тараған Қытайда билік COVID-19 инфекциясының таралуын тоқтатқанын мәлімдеді.

Қытай билігінің айтуынша, соңғы күндері тек ондаған адамнан коронавирус табылған және олардың басым бөлігі — шетел азаматтары. Эпидемия ушығып тұрған кезде Қытайда күніне мыңдаған адамнан вирус табылған болатын.

Мемлекеттік Синхуа агенттінінің хабарлауынша, шамамен үш мың адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр. Шамамен 70 мыңнан астам адам айыққан, үш мыңдай адам қайтыс болған. Соңғы тәулікте коронавирустан үш адам қайтыс болған.

Бірнеше күн бұрын АҚШ пен Италия вирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайдан алға шығып кеткен.

Алайда билік шетел азаматтарынан вирус табылып жатқандықтан эпидемияның екінші толқыны болуы мүмкін деп қауіптенеді. Бірнеше күн бұрын Қытай шетел азаматтарын елге кіргізуді тоқтатқан. Британдық Guardian газетінің жазуынша, Қытайда вирусқа байланысты шетел азаматтарынан сескену құбылысы байқалған.

Дегенмен эпидемия ошағы саналатын Қытайдың Ухань қаласында бірқатар карантиндік шаралар алына бастады. Ухань мен бірқатар қалалар арасында әуе байланысы қалпына келді. Қалада метро істей бастады. 8 сәуірден бастап қалада адамдар еркін жүріп-тұра алады.

Батыс ақпарат құралдары мен кейбір мамандар Қытай билігінің вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар санына байланысты айтқан ресми дерегіне күмән келтіреді. Жергілікті дәрігерлердің статистика азайтылып көрсетілді деген айғақ-пікірлері бар. Қытайдағы статистиканың дұрыстығын дәлелдеген тәуелсіз дереккөз жоқ. Коронавирус туралы ақпарат елде қатаң цензураға ұшыраған.

Қарай отырыңыз: Үндістан полициясы карантинді бұзғандарды таяқтады (27 наурыз 2020 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="Үндістан полициясы карантинді бұзғандарды таяқтады" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Үндістан полициясы карантинді бұзғандарды таяқтады please wait Embed Бөлісіңіз
Үндістан полициясы карантинді бұзғандарды таяқтады
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30511145.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:03:08 0:00 Жүктеп алу
Тегтер: