Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:09, 15 Қазан 2024

Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты дәрігерлерге тергеу басталды

а
Фото: Инга Иманбайдың парақшасынан

Әскерде жүріп жансақтау бөліміне түскен Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы құқық қорғаушы, журналист Инга Иманбай мәлімдеді.

Журналистің айтуынша, негізгі істен бөлек, дәрігерлердің әрекетіне қатысты тергеу басталған.

Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бүгін белгілі болғандай, 1 қазан күні қаулы шығып, негізгі қылмыстық істен бөлек дәрігерлердің іс әрекетіне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталған. Ол іс бойынша да сараптама тағайындалған. Негізгі іс бойынша сараптама нәтижесін күтіп жүрміз, деп жазды Инга Иманбай.

Айта кетейік, Ербаян Мұхтар ауруханаға 2023 жылдың желтоқсан айында түскен. Оған бес операция жасалды, бірақ нәтиже болмады. Жас жігіт қызмет еткен Ұлттық ұланның әскери бөлімінде оның әжетханада құлап, басымен тақтайшаға соғылғанын ата-анасына хабарлаған. Алайда ата-ана бұл нұсқаға әу бастан сенбей, Ербаянның соққының салдарынан жарақат алғанын дәлелдеуге тырысып жатыр.