Бүгін, 17:00
Ербол Хамитов Паралимпиаданың соңғы жарысында жетінші орын алды
Биатлоннан Паралимпиада чемпионы әрі шаңғы жарысынан Паралимпиаданың қола жүлдегері қазақстандық Ербол Хамитов осы ойындардағы соңғы жарысын өткізді.
Тәжірибелі қазақстандық паралимпиадашы 20 шақырымдық шаңғы жарысында (жеке старт) бақ сынады.
Хамитовтың негізгі мықты қашықтықтары спринт болғанымен, ол Паралимпиададағы ең ұзақ шаңғы жарысында да жоғары нәтиже көрсетті. Ербол 7-орынға тұрақтап, көш бастап келген ресейлік Иван Голубковтан 1 минут 59,2 секундқа қалып қойды.
Еске салсақ, 2026 жылғы қысқы Паралимпиадада Қазақстан атынан жеті спортшы қатысып жатыр. Олар биатлон және шаңғы жарысы бойынша бақ сынауда.
Қысқы Паралимпиада-2026 ойындарында Қазақстан спортшыларының толық жарыс кестесі арнайы жарияланған.