Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:45, 02 Қыркүйек 2024

Ербол Мырзабосынов туризм және спорт министрі болып тағайындалды

к
Фото: gov.kz

ҚР туризм және спорт министрі болып Ербол Мырзабосынов тағайындалды. Тиісті жарлыққа ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды, делінген Ақорда хабарламасында.

Мырзабосынов тағайындалғанға дейін 2023 жылдың ақпан айынан бері Спорт және дене шынықтыру комитетін басқарған болатын. Сондай-ақ қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Бұған дейін Туризм және спорт министрі қызметін Ермек Маржықпаев атқарған болатын. Ол 31 тамызда қызметінен босатылды.

Бұл шешім қазақстандық спортшылардың халықаралық аренада жоғары жетістіктерге қол жеткізбей жатқанына көңілі толмайтынын айтқан президент Тоқаевтың сынынан кейін қабылданды.