Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:05

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Досаев
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.

Ол еңбек жолын Нұрсұлтан Назарбаев кезеңінде бастап, 1998 жылы премьер-министрдің кеңесшісі болды. Әр жылдары қаржы, денсаулық сақтау, экономика министрі, Ұлттық банк төрағасы, сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарған.

Ол 2025 жылғы 19 қыркүйектен бастап Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Еске салайық, 2025 жылдың 24 мамырында Ерболат Досаев Алматы әкімі қызметінен босатылған еді. Ол бұл қызметті 2022 жылдың 31 қаңтарынан бері атқарып келген. Бұған дейін Досаев Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы болған, ал одан бұрын денсаулық сақтау, экономикалық даму және бюджет салаларына жетекшілік еткен министрлік лауазымдарын атқарған.

Әкім кезінде Ерболат Досаев бірнеше рет қоғамдық назардың ортасында болды. Алматылықтар оның жұмысына көңілі толмайтындарын бірнеше рет мәлімдеді. Тіпті Досаевтың отставкасына байланысты петиция да жарияланды. Сондай сәттерде ол "мені мемлекет басшысы тағайындады, жұмысымды президент бағалайды" деп жауап берді.

 

Тегтер: