Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:10

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

Досаев
Фото: ашық дереккөз

Ақорданың хабарлауынша, Ерболат Досаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Мемлекет басшысының тиісті Жарлығы жарияланды.

Еске салайық, 2025 жылдың 24 мамырында Ерболат Досаев Алматы әкімі қызметінен босатылған еді. Ол бұл қызметті 2022 жылдың 31 қаңтарынан бері атқарып келген. Бұған дейін Досаев Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы болған, ал одан бұрын денсаулық сақтау, экономикалық даму және бюджет салаларына жетекшілік еткен министрлік лауазымдарын атқарған.

Әкім кезінде Ерболат Досаев бірнеше рет қоғамдық назардың ортасында болды. Алматылықтар оның жұмысына көңілі толмайтындарын бірнеше рет мәлімдеді. Тіпті Досаевтың отставкасына байланысты петиция да жарияланды. Сондай сәттерде ол "мені мемлекет басшысы тағайындады, жұмысымды президент бағалайды" деп жауап берді.

Қызметінен кеткен соң жұртшылық экс-әкімнің қайда баратынын болжай бастады. Саясаттанушылар Досаевтың Қазақстан экономикасы саласында жаңа лауазымға келуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Тегтер: