11:27, 23 Наурыз 2021
Ердоған Қазақстанға келмейтін болды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 30-31 наурызда Қазақстанға келмейтін болды.
Түрік басшысы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитіне қатысуы керек болған, алайда президент әкімдігі ел басшысы саммитке видеоконференция арқылы байланысқа шығатынын айтты, — деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін Ердоған Түркістанда 31 наурызда өтетін Түркі кеңесіне арналған бейресми саммитке қатысатыны хабарланған болатын.
«Президенттің 30-31 наурызға жоспарланған Қазақстанға сапары болмайды, ол Түркі кеңесінің бейресми саммитіне бейнеконференция режимінде қатысады», — делінген хабарламада.