Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:43, 14 Тамыз 2020

Ерікті жастар миллион бетперде таратқан

Шымкентқаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы бірқатар волонтерлік ұйым басшыларыменкездесті.

Бүгінде қалада 40-қа жуық әр түрлі бағытта волонтерлік қозғалыстаржұмыс істейді.

Кездесугеқалада өз белсенділігімен көзге түсіп жүрген ұйым жетекшілері жиналды. Атапайтқанда, «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Данара Саранова,«Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының президенті Мұхтар Ташимов, «Бізбенбірге» волонтерлік қозғалысының жетекшісіЖасмин Әшімова, «Волонтеры Шымкента» волонтерлік қозғалысының жетекшісі ГузалӘуелбекова. Волонтерлер шаһар басшысымен кездесуде өзекті мәселелерді талқылап,өз ұсыныстарын жеткізді.

«NurOtan» партиясы Шымкент қалалық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы АрманӘлібековтің айтуынша, пандемия басталғалы бері волонтерлер 3500 отбасыға азықтүлік жеткізген. Миллион бетперде таратқан. Яғни, бірқатар волонтерлік топтаржұмысты дұрыс үйлестіруде.Алайда әлі де болса жұмысты ширататын жағдайлар бар. Ресми тіркелгенімен дұрысжұмыс істемейтін топтар да кездеседі.Тағы бір мәселе, 200 мыңнан астам жастар әлеуеті бар мегаполисте жастаршоғырланатын орын санын көбейту қажет. Волонтерлік ұйымдар бас қосатын орынжоқ.Мұрат Дүйсенбекұлы волонтерлік қозғалыс жетекшілерінің ұсынысын тыңдап, бұлбағыттағы жұмыстар уақыт сәтімен шешілетінін айтты.– Жастар бас қосатын орындарды ашу жұмыстары жүргізілуде. Қазір карантингебайланысты жұмыстың барысы тоқтап тұр. Індет аяқталғаннан кейін біз ресми түрдепайдалануға береміз. Сол кезде жастар жиналатын болады. Мұндай орындардыкөбейту қажеттігін білеміз. Алдағы уақытта бұрынғы Фосфоршылар мәдениет сарайынқалпына келтірсек деп отырмыз. Бұл ретте бірқатар жоспарлар бар. Жастарғаспортпен шұғылданатын үйірмелер көптеп керек, – деді қала әкімі.Жалпы қала әкімінің волонтерлік қозғалыс өкілдерімен кездесуі алғаш ретұйымдастырылып отыр. Жиында волонтерлік қозғалыс өкілдері бірқатармәселелерінен хабардар етіп, өз ұсыныстарын айтты.

Тегтер: