Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 08:00

Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті

1
Фото: из открытых источников

Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық қарсыласын алғашқы минутта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

ММА жұлдызы әрі актер Еркебұлан Тоқтар Ташкент төрінде өткен жекпе-жекте өзбекстандық Тимур Никулинді жеңді. 

Отандасымыз айқастың алғашқы минуттарында-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді.

Бұл – Еркебұлан Тоқтардың кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар 2025 жылы OCTAGON лигасында тамаша нәтиже көрсетіп келеді. Ол өткізген екі жекпе-жегін де нокаутпен аяқтаған. Ақпан айында тәжікстандық Камариддин Хасановты (Камил Карате) төртінші раундта жеңіп, ұйымның BMF белбеуін иеленді. Ал тамыз айында ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта нокаутқа түсіріп, өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Тегтер: