Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:26, 15 Қазан 2019

Ерлан Қарин: МЕМЛЕКЕТТІЛІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТШІЛДІК

Ұлттық идея – Мәңгілік Ел

Қазақ елітәуелсіздігін жариялап, әлем қауымдастығының тең құқылы мүшесіне айналғанына 30жылға жуықтап келеді.

Осы жылдарда ұлттық идея дегеніміз не және ол қандайболуы керек деген пікірталастар бір сәт те толастаған жоқ.

Кезіндебелгілі ғалым Ақселеу Сейдімбек «ұлттық идея деген – ұлттың, мемлекеттің текбүгін ғана емес, ұзақ мерзім аясында бақытты да кемел өмір сүруін қапысызқамтамасыз ететін тетік және халықтың ынта-жігерін оятатын белсенді өмір салты»десе, танымал мемлекет қайраткері Болатхан Тайжан «ұлттық идея дегеніміз –ұлттың еңсесін көтеріңкі ұстап дамуы» деп анықтама берген екен. Сонымен бірге,нақты қандай құндылық қазақстандықтардың ұлттық идеясына айнала алады дегенсауалға да сан түрлі жауаптар айтылды. Иманғали Тасмағамбетов тәуелсіз мемлекетқұру жолында ұлтты ұйыстырып, халықты ұлы мақсат төңірегінде топтастыра білген Астананыұлттық идеяның қайнар бастауы десе, Мұхтар Құл-Мұхаммед ғасырлар бойықалыптасқан тарихи мәдени құндылықтар мен ұлттық ұйысудың негізінде тілдікфактор жатқанын айтып, оны «ұлттық идеяның өзегі» деп жазды. Белгілі жазушы,мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлы «біздің қазіргі ұлттық идеямыз – осызаманғы ұлттық мемлекет орнату» екенін айтса, Алтынбек Сәрсенбайұлы: «Бiздiңұлттық идея бүгiнгi күнгi, бiздiң ұлттың бәсекелестiк қабылетiнiң күштi болуы». Басқа да сан алуан пайымдар болды.

Ширек ғасырғажуық уақыт бойы бұл тақырыптағы пікірталастардың толастамауы ұлттыңізденісінің, кемел идеяға ұмтылысының айғағы болса керек. Сонымен қатар, бұлұзақ уақыт бойы қоғамда ұлттық идея туралы ортақ ұстаным болмағанын көрсетті. Талай жылдарға созылған ұлттық идея туралыпікірталастарға Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014жылы өзінің кезекті Қазақстан халқына Жолдауында өз ойын қосты. Ол «Біз үшінболашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идеябар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз МәңгіМұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі –Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың МәңгілікБолашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті.Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!» деп мәлімдеді.

Елбасы Мәңгілік Елұғымын осыдан сәл бұрынырақ, 2012 жылы «Қазақстан – 2050» стратегиясының да қазығыетіп алған болатын.   Сөйтіп, қазақсаясатының лексикасына ондаған ғасырлардан кейін барып қайтадан «Мәңгілік ел»ұғымы қайта жаңа енді.

Ел сөзінің алуан түрлімағынасы бар, ол — халық, жұрт, аумақ және басқа да көптеген мағыналарды береді.Сонымен қатар, Ел сөзінің тағы бір мағынасы – мемлекет. Көне заманда тасқақашап жазылған Мәңгілік Ел ұғымы біздің бабаларымыз Қуатты Мемлекеторнатуға ұмтылғанын көрсетсе керек, яғни оларел болып ұйыстық, енді Мәңгі Ел, немесе Мәңгі Мемлекет боламыз дегені шығар.

Олай болса, көнезаманнан бүгінгі күнге дейінгі қазақтыңтарихы – ол ұлт болып ұйысудың, мемлекет болып қалыптасып, шындалудың тарихы.Ол бүгінгідей кемел сипатты мемлекеттілікке жету жолындағы күрес жылнамасыретінде бізді өткенімізарқылы біріктіріп, мемлекеттілігімізді сақтауға жұмылдыруаясында бүгінгіқазақты, болашақтағыбарша буынды ұрпақтыұйыстыру қажет.

Тарих қателіктікешірмейді, кезінде өз мемлекетін құрып, дербес ел ретінде тарих сахнасынашыққан талай айбынды халықтар  замансынына төтеп бере алмай тұғырынан тайғанын, мемлекеттілігін жоғалтқанынбілеміз. Мысалды алыстан іздемей, төл тарихымызға қарасақ та жеткілікті.Бірнеше ғасыр өзге елге бодан болдық, тарихымызды ұмыттырып, басқалардың жадымызғакүшпен сіңірген ақиқаттан алыс, жат тарихын малдануға мәжбүр болдық.

ХХ ғасырдың соңындатарихи әділет салтанат құрып, Тәуелсіз Қазақ Мемлекеті қайтадан әлемдік аренағашықты. Ендігі міндет – қастерлі Тәуелсіздігімізді сақтап, нығайту, дамытып,ұрпаққа аманаттау. Елбасының сөзімен айтсақ, «Тәуелсіздікке қол жеткізгенненгөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Байлығымыз да, бақытымыз да болғанТәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек». 

Демек, ұлттық саясаттыңнегізгі ұстындары – Мемлекеттілік және Мемлекетшілдікидеяларыболуы тиіс. Бұл екеуі бір-бірінен бөле-жара қарастыруға болмайтын егіз ұғымдар.

Мемлекеттілік – ұлттық басты мақсат

Қазір дүниежүзі әлемдіктарихтың жаңа кезеңіне аяқ басуда. Әлі жеткен алып та, шалып та жығатын ықылымзаманнан бергі  табиғаттың заңын ешкімөзгерткен жоқ. Өзара бәсекелестік жаңа сипатта, тың қарқынмен белең алған бұлкезеңде мемлекеттердің бір-біріне шабуылдары да күшейе түсуде. Қарсыластараптар бір-бірімен есеп айырысқанда жаңа тәсілдерді қолданатын болды.Көптеген мемлекеттер саяси бәсекелестікте ашық агрессиялық қадамдардантайынбайтынына куә болудамыз. Адамдар қазірбұрынғыдағыдай ашық соғыс, басқыншылық болмайды деп ойлайды. Бірақ, соңғыжылдарда әлемде болып жатқан оқиғалар бұл пайымның түбірімен қате екенінкөрсетіп отыр. Украинаның бүгінгі ахуалы, Сириядағы жағдай, уақыт өткенсайын шиеленісе түскен босқындар проблемасы, бір мемлекет екіншісіне қалайоп-оңай жем болып жатқаны, бәрі де – осының айқын дәлелі. Күні кеше ғана іргесісөгілместей саналған, әлемдік державалардың қауіпсіздік кепілдігіне ие болып,бейғам отырған мемлекеттер бөлшектеніп, тұтастығынан айырылып жатқаны,мемлекеттілігінің басты белгілері саудаға түсіп, қол жетпес арманға айналғаныбізді ойландыруға тиіс. Егемендікке бізбен бірге қол жеткізген Украинаныңбүгінгі ахуалына қарайық. Онда саясаткерлер ішкі тартыспен асыра әуестеніп, ел ішінен жау іздеп жүріп,сыртқа жем болғанын өздері де байқамай қалды. Анталаған алпауыттар ішкі ісінежан-жақтан араласып жатқанда елдің тұтастығын ойлаған ешкім болған жоқ. Ақырыаумағының сүбелі бір бөлігінен айырылды, тағы бір бөлігі ел құрамындақалар-қалмасы белгісіз күйге тап болды.

Ислам әлемінің ғанаемес, жалпы адамзаттық өркениеттің алтын бесігінің бірі саналатын Сирия аз ғанажыл бұрын өркендеген ел еді. Бір-ақ сәтте алып державалардың қаруларықақтығысқан майдан алаңына айналды. Болашақта оның біртұтас мемлекет болып қалар-қалмасынқазір ешкім тап басып айта алмайды. Радикалды ұйымдардан тазарып, тәртіп орнағанныңөзінде алпауыт державалар елдің әр өңірін өз ықпалынан шығармауға тырысып, көкпарғасалып бағатыны анық. Яғни, Сирия бұрынғы біртұтастығына қайта қол жеткізуінеғайбыл.  

Бір сөзбен айтқанда, саяси қателіктердің құны – елдің тұтастығы, мемлекеттілігіболатынына көзімізжетуде. Қазір заман басқа, өзара текетіресте таразының басында бұрынғыдағыдайбірін-бірі тежеп отыратын екі блок емес, экономикалық, әскери күш қуаты әртүрлімемлекеттер тұр. Біз осыны көп жағдайда ескере бермейміз.

Бұл орайда, Қазақстанның қоғамдық, саясипікірталастарында геосаяси мазмұн кенжелеп тұрғанын мойындауымыз керек.Біз өзімізді ешкімнің шаруасы жоқ иен аралда тұрып жатқандай, құдды айналамыздакөз тіккен алпауыт мемлекеттер жоқ сияқты ойлаймыз, сыртқы қатерлерге мәнбермейміз. Меніңше, қазақтың саяси ойпікіріне геосаяси ой пікірлердің дискуссиясы жетпей жатыр. Қазақтыңайналаны танып зерттеудегі көкжиегін кеңейту керек. Әлемді, әлемдегі оқиғаларды,процесстерді бақыламай, зерттемей, танымай, біз өзімізді, өзіміздің әлемдегіорынымызды, болашағымызды тани алмаймыз. Біз болып жатқан оқиғалар менпроцесстерді ішкі саяси, қоғамдық, әлеуметтік өлшемдермен ғана емес, соныменқатар сыртқы, геосаяси өлшемдермен де сараптауымыз қажет. Кейде саясаткерлербелгілі бір оқиғаларға баға беру барысында (мысалы, сол митингтердің өзін), солжағдайды басқа бір сырт күштер өз мақсаттарына пайдалануы мүмкін десе,әлеуметтік желілерде әдетте оны үгіт-насихаттың аргументі ретінде қабылдап, жәйхалықты қорқыту үшін айтып жатыр екен пайымдайды. Ал, шын мәнісінде, сыртқыфакторларды ескермеуге болмайды, соның ішінде бізге. Біз мемлекеттілігіміздіңберіктігі елдің ішкі ахуалына ғана емес, сонымен қатар, сырттағы жағдайларға, еліміздіңкөршілермен, державалармен, қала берді тұтас әлем қауымдастығымен қатынасына байланыстыекенін сезінуіміз керек. Таразы басын тең ұстап, ішкі және сыртқы саясаттыбірдей жүргізіп, тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігімізді мәңгі сақтаудың барлықәрекеттерін жасауға тиіспіз. Сондықтан, осы бағытта терең геосаяси зерттеулер,ізденістер қажет. Көптеген елдерде, саясаткерлер мен ғалымдар арасында солелдің геосаяси стратегиясы, перспективасы жөнінде түрлі дискуссиялар өтіпжатады, ара арасында кітаптар, зерттеулер басылып жатады. Ондай ізденістердіңмақсаты – мемлекеттің дамуына қолайлы жағдай іздеу, қалыптастыру. Бізде ондайізденіс жоқ. Неге?! Себебі, көпжағдайда, біз өз саясатымыздың басты, түпкі мақсаты не екенін ұмытамыз.Біздің мақсат, озық елдердің 50-іне немесе 30-ына ену ғана емес, ал сол арқылы мемлекеттідамыту, оның қуатын арттыру. мемлекеттің өміршеңдігін сақтау жәнемемлекеттілікті қорғау. Яғни, мемлекеттілік– ұлттық басты мақсат болуы тиіс.

Негізі, бұрын осындайұстаным анық сезілетін. Қазақстанның жаңа тарихының алғашқы жылдарында баршаұмтылыстардың мақсаты – мемлекеттілігін нығайту болды. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ең алдыменшекараны шегендеуді қолға алды. Қазіргі уақытта біз барлық бағытта шекарамәселесін толық шештік. Бұл, Елбасының саяси ерік жігерінің, ерлігінің жемісі.Сонымен бірге, асқақ желбіреген байрағымыз, елтаңбамыз бен әнұранымыз, төлтеңгеміз, бен қарулы күштеріміз, дербес ішкі және сыртқы саясатымыз – бәріҚазақ Елінің мемлекеттілік нышандары. Бірақ, кейбіреулер ойлайтын болар,Тәуелсіздікті жарияладық, шекараны айқындадық, мемлекетті құрдық, басқа да нышандарымен белгілерін қалыптастырдық – демек, ұлттың саяси миссиясы орындалды деп.Жоқ, Тәуелсіздікке қол жеткіздік, бірақ ендігікүрес ол Тәуелсіздікті қорғап, мемлекетті сақтап қалу, мемлекеттің қуатынарттыру үшін күрес. Бұл күрестің қаруы – еңбек пен білім.Қазақтыңендігі болашағы еңбекқорлық пен білімге деген құштарлыққа байланысты. Біз іргесіндегішағын мемлекеттерді былай қойғанда, бүкіл әлемге әмірін жүргізуге ұмтылған алыпдержавалардың арасында тұрмыз. Солтүстікте 150 миллионға жуық халқы бар Ресей, шығыста 1,5 миллиардтық Қытай тұр. Жері қанша кең байтақ болғанымен 19 миллионға дажетпейтін халқы бар Қазақстан алыпкөршілермен бәсекеде санмен емес, тек сапамен ғана бәс таласа алады.Біз олармен тең болсақ кем боламыз, артық болсақ тең боламыз, бірнеше орайтынсапамен ғана алдына шығамыз. Ал сапаныңкілті – жауапкершілікте, тиянақтылықта, ұқыптылықта.Ұлттық сапаны арттыру осы үш қасиетті қазақтың бойына сіңіру қажет.  

Мемлекеттілік –баршамызды біріктіретін ортақ мақсат болу тиіс. Біздің қоғамда саяси плюрализм орнықты, азаматтардың саяси көзқарасыалуан түрлі – оңшылы да, солшылы да, ұлтшылы да, діншілі де, бәрі бар. Бірақ, мемлекеттілік– бәрінен биік тұратын ортақ құндылық, ортақ саяси платформа болуы тиіс.Егер қандай да бір бастама мемлекеттің қуатын әлсірететін, тұрақтылығына кесірінтигізетін болса немесе аймақтардың бөлшектенуіне бастаса мемлекеттілігіміздіңмызғымастастығы үшін біз одан бас тарта білуіміз қажет. Себебі, біздің ең бастықазынамыз – жеріміз, ең киелі құндылығымыз – мемлекеттілігіміз. Жақсы болсын,жаман болсын, біздің мемлекетіміз, еліміз біреу ғана, ол – Қазақстан. Кез-келгенбастама либералдық, демократиялық өлшемдермен ғана емес, сонымен бірге, (жәнебұл ең бастысы) мемлекеттілік өлшемдерімен де қаралуға тиіс. Бұл туралыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында«Тәуелсіздік пен мемлекеттілік – біздің қастерлі құндылықтарымыз. Билік пенқоғам ең алдымен тәуелсіздікті қорғап, мемлекеттілікті нығайтуға қызмет етеді» депөте орынды атап өтті.

Бүгінде билікті сынауменәсіре әуестеніп мемлекетті жоққа шығару идеялары көрініс беруде. Ешқашан билікті сынау мемлекетті сынауға,билікті жоққа шығару мемлекетті жоққа шығаруға ұласпауы керек.Мұндайлогика қате және біз үшін өте қауіпті. Қазір либералды ой-пікірлер алға шығыпжатыр. Бұл дұрыс. Бірақ кейбір азаматтар либералды ұстанымның жөні осы екен дептіпті анархияға бастайтын идеяларға бет бұруда. Мемлекет ештеңеге араласпауыкерек дегеннен бастап, мемлекеттің қандай да бір рөлін жоққа шығару дегенәсірелиберализм де өте қауіпті. Бұл – қарапайым мемлекет пен қоғамның құрылысынтүсінбеуден, саясаттың теориясын білмеудің, шынайы болмысын танымаудыңкесірінен туындайтын проблема. Сондықтан, саяси жаңғыру мен ыдыраудың ара жігінажырата білу өте маңызды. Бұл пайыммен еліміздегі әртүрлі саяси көзқарасы бар,қазіргі билікті жақтайтын, жақтамайтын түрлі саясаткерлердің бәрі де келісерінесенімдімін. Себебі, саяси бағыты, елдің даму бағдары туралы ұстанымдары әртүрліболғанымен, саясатта жүрген мемлекетшіл азаматтардың барлығының мақсаттарыортақ, ол – Қазақстанымызды күшейту, қуатты, дамыған, өркендеген мемлекет қылу.Біз осы мемлекетте өмір сүреміз, бәріміздің Отанымыз бір, еліміз бір,бабаларымыз бізге қалдырған және өзіміз де ертең балаларымызға аманаттайтынжеріміз бір. Ендеше, Ел мен Жергеқатысты түпкі мақсатымыз бөлек болуы мүмкін емес.

Мемлекетшілдік – ең басты қасиет

   

Егер, мемлекеттілік –саясатымыздың негізгі және басты мақсаты болса, қоғамдық іс-әрекетіміздіңөлшемі — мемлекетшілдік болуы тиіс. Осыдан он бес жыл бұрын мен «Ұлтшылдық жәнелиберализм» деген мақала жазған едім. Ондағы ойым – ұлтшылдықтан қорықпауқажет, ұлтшылдықты тек біржақты жағымсыз фактор ретінде қабылдауға болмайды,Азаттық алған кезеңде, ел өз дамуының жолына енді түскенде ұлтшылдық ішкіқоғамдық серпін беретін фактор ретінде рөлі маңызды. Және сол мақаламдағы негізгітезисім — біздің жағдайда ұлтшылдық либерализм платформасымен ұштасу қажеттігіболатын. Енді қоғамның, елдің осы жылдары дамуын, әлеуметтік өзгерістердіңсипатын, әлемдегі жаңа трендтерді ескере отырып, біздегі ұлтшылдық өзінің тарихи миссиясын, қалай болғанда да меніңшеорындады, сондықтан эволюцияға ұшырап, жаңа кезеңде, ендіұлтшылдық мемлекетшілдікке ұласуы керек.Мемлекетшілдік платформасы ұлттық негізді сақтайды, ол оның өзегі,діңгегі,  бірақ сонымен қатар қоғамдықсана тұрғысынан көпшілікті тарта алатын, оңай қабылданатын, және басымкөпшілікті біріктіре алатын, универсалды, кең тұжырымдама.   

Мемлекетшілдік ұғымысаясаткерлерге берілетін баға ретінде санамызда әлдеқашан қалыптасқан, оның сипаттарымынадай болуы керек деген нақты анықтамасы болмағанмен, әлдеқашан дербес ұғым,түсінік, сипаттама ретінде қолданысқа енген. Қарапайым халық арасында белгілі бір саясаткерлерге сипаттама береқалса, әдетте «ол – мемлекетшіл азамат» деп жатады. Мемлекетшіл дегендеайтатыны – сол саясаткердің салмақтылығы, өз ісіне адалдығы, ортақ мүддегеұмтылысы, біліктілігі, білімділігі, ой санасының кеңдігі.  Осының бәрі – біздің саясаткерлерге олардың саясикөзқарастары тұрғысынан емес, мемлекеттілік құндылықтарына адалдығы мен беріктігітұрғысынан қарайтынымыздың айғағы.

Мысалы, өткен ғасырдыңбасында қазақ елінің болашағы үшін күрескен көптеген арыстарымыз, алыптарымызөтті. Олар бір-бірімен қиылыспайтын екі соқпаққа түсіп, ел болашағы үшінкүресті әркім өз бетінше жүргізді. Өзгенің боданы болғандықтан елдің ертеңінсол өзгелер шешкені бөлек әңгіме. Біздің айтпағымыз – арыстарымыздыңмемлекетшілдігі. Алаш арыстарының қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірмекболған арпалысы жетпіс жыл бойы ұрпаққа басқаша түсіндіріліп келді. Ал, қазір солкезде кеңестік жолды таңдаған көптеген азаматтардың еңбектері мансұқталуда. Бізол заманды қарастырғанда бірін дұрыс, екіншісін бұрыс етіп, үнемі біржақты бағаберуден әлі арыла алмай келеміз. Біреуін мақтасақ, екіншісін даттаймыз. Шын мәнінде,алаш қайраткерлері мен кеңес үкіметі сапында еңбек еткен көптеген арыстардың түпкіұмтылыстары бір болатын. Ол – азаттық үшін күрес еді. Таңдаған жолдары, саясиұстанымдары әртүрлі болғанымен, бәрі де халқының ертеңі үшін арпалысты. Олардыңбарлығы мемлекетшіл азаматтар болатын. Алаш арыстары азаттық үшін күрестегіжолдары тығырыққа тірелгеніне көздері жеткеннен кейін кеңес үкіметінің құрамынакіріп, қалай да қазақтың әрі қарай дамуына үлес қосуды мақсат етті. Біреуіәдебиет, біреуі ағартушылық саласында, келесісі мемлекеттік құрылымда еңбекетті.

Менің жұмыс кабинетімде1939 жылы Мәскеуде басылған ҚазССР картасы ілулі тұр. Осылай жинап, іздептапқан Қазақстанның әр ғасырлардағы карталары бар, дегенмен, мен үшін еңқұндысы – жоғарыда айтқан ҚазССР картасы. Оны қандай қызметке ауысып, қай жергебарсам да үнемі кабинетіме іліп қоямын. Неге дерсіз? 1939 жылы шыққан карта,1937-1938 жылдары, әрі кеткенде 1936 жылыдайындалған болар. Сол картадан Ресей мен Қазақстанның арасындағы әбдениректелген шекара сызығын көресіз де, біздің арыстарымыз сол кезде әрбір қадамжер үшін қалай күрескенін, қалай айтысып-тартысып, таласқанын аңғарасыз. 30-ыншыжылдар Сталиндік режим қаһарына мініп, репрессия ең шегіне жетіп тұрған кез.Мінез көрсетпек түгілі, сәл күдікке ілінгеннің бәрі атылып, я Сібірге айдалыпжатқан уақытта қазақтардың түрлі комиссиялар отырыстарында жер үшін таласқатүсуі өздеріне үкім шығарып, өлім жазасына кескенмен бірдей әрекет екені анық. Мысалы,сол картадағы кейбір елдердің шекарасына қарасаңыз кәдімгі сызғышты алып,түп-түзу тарта салған сызық бойымен жүргізілген. Бұл нені білдіреді? Олмемлекеттің шекарасы, жері үшін күресетін тұлғасы болмаған, болса да Мәскеудәліздеріндегі дөкейлермен тайталасып, жерін қорғауға дәрмендері жетпеген. Ал,біздің азаматтарымыз бастарын оққа байлай отырып, бабалардан мирас болған әрбірқадам жерін оңайшылықпен қолдан бермеуге тырысқан. Сол кезде қазақ саясатындағыазаматтардың бірі Алашорда, екіншісі тұтас Түркістан идеясын қолдады, келесі біреулер  большевизм жағында болды. Бірақ, мемлекеттағдырына келгенде барлығы тұтаса білді, ештеңеден қаймықпай, мемлекеттікмүддені бірлесіп, табанды түрде қорғады. Бұл – бізге нағыз өнеге болатын нәрсе.Тарихқа үңілгенде біз алыптарымыздың осы қасиеттерін бағалай білуіміз керек.

Жаңа реформалар қолғаалынып, барлық саяси көзқарас өкілдерімен ашық диалог орнатып жатқан қазіргітаңда біз ортақ құндылыққа ұйыса білуіміз керек. Қай бағыттағы, қандайкөзқарастағы саясаткер болмасын, ол мемлекетшіл тұлға болса, тіл табысып,конструктивті ынтымақтастық орнатуға болады. Биліктегінің бәрі сүттен ақ, судан таза, оппозициядағының бәрі елге жауемес. Немесе керісінше, билікке қарсы болсаң мемлекетшілсің, биліктіқолдасаң мансапқор, жағымпазсың деген біржақты көзқарастан сақтануымыз қажет. Мемлекетшілдік билікті қолдаумен немесеоған қарсы шығумен өлшенбейді. Мемлекетшілдік– ол қандай жағдай болмасын, ортақ мүддені, мемлекеттік мүддені бәрінен жоғарықою!

Біз мұны неге айтыпотырмыз? Мысалы, 2010 жылы Қырғыз елінде сәуір төңкерісі болған кезде бұрынғыпрезидент Құрманбек Бакиев биліктен айырылса да, ресми түрде бас тартуғабармай, туған жері Жалалабадтағы ауылына барып, бекініс құрып, қарулы жақтастарынжинап, сөйтіп елді екіге бөлді. Бес жыл бойы мемлекет басқарған азамат бәрібіржершілдік, рушылдық идеядан бас тарта алмағанын, елінің мемлекеттілігін емес,астындағы тағын маңыздырақ санайтынын көрсетті. Бакиевтен кейін билікке келгенқырғыз президенті Алмазбек Атамбаев та жеке басының реніштері үшін мемлекеттікмүддені құрбандыққа шалып, көрші елдермен араздасуға дейін барды. Қазіргіқырғыз елінің басшысы Жээнбековпен текетіресте өзіне ұпай жинау және өзінқорғау үшін Ресейден көмек сұрап, Ресейдің әскери базасынан Ресейдің жібергенұшағымен Мәскеуге барып араша сұрады. Сөйтіп, өз елінің ішкі саясиқақтығыстарына сырт мемлекеттің араласуына жол ашып берді. Бұл саясиқайраткерлердің мемлекетшілдік қасиеттерден ада екенін көрсетеді.

Біздің саясатта болашақтақандай пікірталастар болса да мемлекеттік мүдде бәрінен жоғары боларына сенімдімін.Қандай қиын мәселелер туындамасын, қандай қайшылықтар болмасын, біз тек өзіміз,салмақты түрде келісіп отырып шешеміз. Бұл ретте, бүгінгі күні қоғамдық жәнесаяси диалогтың дамуы біздің елде саяси ұлттың, жаңа саяси мәдениет пенмемлекетшілдік құндылықтарының қалыптасуы мен негізделуін айғақтайды.

Қазақ саясатының мазмұндық сипаты

Өткен 30 жыл біз үшін мемлекеттілікті нығайту жылдарыболды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқарған кезеңде үлкен тарихи миссияатқарылды – заманауи үлгідегі қазақ мемлекеттілігінің негізі қалыптасты.

Енді, алдағы уақыт мемлекетшілдікті қоғамдықсанаға сіңіру кезеңі болуға тиіс. Бұған дейін мақсатты түрде бөле-жараайтылып, ұлттық идеология деңгейіне шығарылмағанмен, ел ағалары бұл идеяныүнемі назарда ұстап келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та, ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаев та өз сөздерінде, сұхбаттары мен мақалаларындамемлекеттілік құндылығын айналып өткен емес. Яғни, бұл ұғымдар мақсатты түрде насихатталмасада, ең ұлы мақсат – мемлекеттіліктінығайту, ең ұлы қасиет – мемлекетшілдікекенін бәріміз түйсінеміз. Теконы төменнен бастап, жүйелі түрде қоғамдық санаға сіңіру жағы кемшінтүсуде. 

Кез-келген нәрсені барететін де, жоқ ететін де сөзбен ұғым. Жүйелі сөз жүрекке жетеді. Оныңүстіне, қазақ – ежелден сөз құдіретін түсінетін ел. Біз мемлекеттілік жәнемемлекетшілдік идеяларын саяси лексиконымызға мықтап енгізе алсақ, ол біртіндепұғым ретінде нығайып, әрбір жүрекке орнығады. Мемлекетшіл болу үшін міндеттітүрде мемлекет қайраткері болу қажет еместігі сияқты, мемлекеттілік идеясынұлықтау да жоғарыдан ғана жүзеге асатын әрекет емес. Кеудемізге көк лентаны 9мамыр күні Георгий лентасына ерегіскеннен тағамыз, Тәуелсіздік күнінде, басқада мерекелерде қадамаймыз. Байрағымыз үйде де, түзде де ілулі тұрса, көліктежелбіреп жүрсе оның еш әбестігі жоқ.

Мысалы, «Жусан» операциясыаясында Сириядан елге оралған балалардың хал жағайын білейін деп Ақтаудағы реабилитациялықорталыққа барсам, өзге елден келген балалар сапқа тұрып, кішкентай қолдарынкеуделеріне қойып, Қазақстанның әнұранын жаттап жатыр екен. Соған қарапсүйсіндім. Расында да біздің біз анау жоқ, мынадай жұмыс жүргізілмей жатыр депсынап жатамыз да, бар нәрсені көрмей қаламыз. Шын мәнісінде, осы жылдары жақсытәжіриебе жинақталды. Қыркүйек айында біздің спортшы қыздарымыз Азиячемпионатында техникалық ақауға қарамастан әнұранды жатқа орындағанда бәрімізқуандық. Демек, бәрі зая емес, әр нәрсенің уақыты бар, біз сол жұмыстыңжемістерін көріп жатырмыз. Мемлекетшілдік қасиеттер осылай тәрбиемен бойғасіңсе, оны кейін қандай идеология да жүректен аластай алмайды.

Бізге сананы өзгертудіңбасқаша тәсілдері керек. Төл тарихымызды насихаттауда біз баяғы кеңестік ескітәсілдерден аса алмай жүрміз. Олар өз идеологиясын санаға сіңіру үшін жаппайескерткіштер орнататын. Бір кезде Лениннің ескерткіші, тым болмаса мүсіні қойылмағанауылды табу мүмкін емес еді. Қазір олардың орнын өз тарихи тұлғаларымыз –хандар мен билердің, батырлардың, Алаш қайраткерлерінің ескерткіштері басты.Әрине, бұл да жаман емес. Бірақ, идеологиялық жұмыстың басқа да тиімдітәсілдері бар. Мысалы, АҚШ әйгілі тұлғаларының мүсіндерін орнатқаннан гөріолардың терең мағыналы сөздерін тасқа қашап жазғанды қош көреді. Алыпжартастардан бастап, қатардағы оқу орындары мен қарапайым мекемелердіңдәліздеріне дейін әйгілі адамдардың цитаталарын жазады. Азаматтар оны көргенсайын ұлы тұлғаларының ұлағатты сөздерін оқып, ой түйеді, санасына сіңіреді.Біз де осындай тәсілдерді неғұрлым көбірек қолдануымыз керек.

Мемлекеттілік жәнемемлекетшілдік ұғымдары  саяси құжаттардакөрініс табуы айрықша маңызды. Мысалы, қай партия қандай бағытта болса да оларөздерін мемлекеттілік ұғымынан биік қоймайтыны ақиқат. Ендеше, билікте, яоппозицияда болсын, барлық партиялар жарғыларына, саяси доктриналары мен бағдарламаларынасаяси кеңістікте не үшін және қалай күресетіндерін жазудан бұрын, ең басты мақсатыретінде мемлекеттілікті нығайтудыайқын көрсетсе, бұл бізде жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуынаықпал етер еді. Басқаша айтқанда, саяси процесте әркім өз қөзқарастары үшінкүресіп, ұстанымдарын қорғауы мүмкін. Бірақ, мемлекеттілікті сақтап, нығайту еш таласқа түспейтін, ешбір күмәнкелтірілмейтін ортақ құндылық ретінде қарастырылуға тиіс. Мемлекетбасындағы азаматтар да, оппозициядағы тұлғалар да өздерін мемлекетшілмін депсанайды. Ендеше, оның саяси құжаттарда да көрініс табуына не кедергі? Ал,қалған мәселелер бойынша пікір алмасайық, дауласайық, саяси бәсекеге түсейік,мұның бәрі – демократиялық мемлекетте күнделікті болатын қалыпты үрдіс.

Әр елдегі саясат пенсаяси қызметтің өз ерекшеліктері бар. Еуропада оңшылдар мен солшылдардыңкүресі, Ресейде батысшылдар мен патриоттардың тайталасы жүріп жатыр. Ал біздіңсаясатымыздың ерекшелігі – ағартушылық. Онда да тек саяси ағартушылық емес,жалпы халықтық ағартушылық. Қазір, біздіңқоғам үшін ең үлкен қатер – надандықдер едім. Бұл – оңшыл, солшыл, либерал, ұлтшыл және басқа қандай көзқарастаболсын, барлық азаматтарға ортақ қатер. Ең үлкен қауіп Ресей де, Қытай да, Батыста, билік те, оппозиция да емес, ал қазіргі және болашақтағы сын-қатерлер ментәуекелдерді дұрыс саралай алмайтын, айналада болып жатқан оқиғалардың байыбынабарып, тереңіне үңілмей, тым қарапайым қабылдайтын, жалаң ұрандар мен арзанайқайлардың соңына ілесіп кететін надандықтан асқан қатер жоқ. Сондықтан, біздің жағдайда, саясат пенағартушылық қатар жүру керек.

Жоғарыда айтыпөткенімдей Алаш қайраткерлері таза саяси күреспен ғана емес, ағартушылықпен де қатарайналысты. Олардың  қайсысын алыпқарасаңыз да әдебиет, мәдениет, білім, ғылым және басқа да салаларда өз қолтаңбаларынқалдырған. Ұлттық сананы жаңғырту үшін аянбай еңбек еткен. Одан кейінгі кеңесзаманының қайраткерлері де бұл ұстанымнан айныған жоқ. Дінмұхамед Қонаев,Өзбекәлі Жәнібеков және басқа да тұлғаларымыз халқының сапасы артуы үшін барынсалды. Бұл үрдіс тәуелсіздік жылдарында тың қарқынмен жалғасын тапты. Елбасы «Болашақ»бағдарламасын қолға алып, жастарды әлемнің ең үздік оқу орындарына жіберді.Назарбаев университетін, халықаралық деңгейдегі зияткерлік мектептерді ашып,білім саласын жаңа белеске көтерді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылыруханият, мәдениет саласына түбегейлі өзгерістер жасауда. Осының бәрі елтізгінін ұстаған азаматтардың ағартушылық қасиеттері үздіксіз жалғасып кележатқанын көрсетеді. Солай болуға тиіс те. Жалпы, саясаткері зиялы елдің ұпайы түгел болады.

Тағы да өткенге оралсақ,қазақ саясатында зиялы қауымның орны қашанда ерекше болған. Бұл да біздің саясикеңістіктің тағы бір ерекшелігі. Аузы дуалы жыраулар мен билер алтын тақты хандардыңастамсығаны болса аптығын басып, жүнжігені болса жігер берген. Өткен ғасырдыңбасында қазақ саясатының негізін зиялылар құраса, кеңестік кезеңде дезиялыларымыз саясаттан тыс қалған жоқ. Қаһарлы желтоқсанда қазақ жастарынжаппай қаралау басталғанда әлі де сеңі бұзылмай сіресіп тұрған режимге қарсышығып, жастарды ақтаған зиялыларымыз болды. Ядролық сынақтарға қарсы жалпыхалықтыққозғалыстың басында Олжас Сүлейменов бастаған тұлғалар жүрді. Тәуелсіздіккезеңінде Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов бастаған тұлғалар саясаттыңтөрінде болды. Осының бәрі қазақсаясатының гуманитарлық өлшемі әрқашан биікболғанын әйгілейді. Аталысөзге тұтас елді ұйытқан абыздарымыздан, шешендеріміз бен билерімізден беріжалғасып келе жатқан осы үрдіс әрі қарай жалғасын табуға тиіс. Қазақ саясаты қашан да интеллектуалдықұстанымда болған, сол қасиетін сақтау керек.

Осыдан туындайтын келесімәселе – саясаттағы сабақтастық ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын руханиқұндылықтар сабақтастығымен астасуы айрықша маңызды. Біз көбінесе шетелдікойшылдардың пайымдарына жүгінуге құмармыз. Көне замандардағы грек, римфилософтарынан, орта ғасырлық европа ойшылдарынан мысал келтіруге әуеспіз.Анығына келсек, өзіміздің сонау Тоныкөктен бастап, Әл-Фарабимен жалғасқан,абыз, билерімізге ұласып, Алаш арыстарымен сабақтасқан терең философиялықтолғауларымыз қаншама. Әл-Фарабидың «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастарытуралы» трактатының өзін пайымдап қарасақ, қайырымды қала деген – бүгінгініңкемел мемлекетінің бір образы секілді. Қазақ даласында қай заманда да қоғамдыққатынастарды дамыту туралы осындай терең ізденістер болған. Біз солардыжаңғыртып, шетелдік саяси ой даму тарихына да енгізуге әрекет етіп жәнеөзіміздің өмірлік ұстанымдарымызға да бастау ете білуіміз керек.

Ақиқатын айтсақ, қайқоғамда да әртүрлі мақсатты көздеп саясатқа араласатын адамдар болады. Қазірқызметте өрлеп, мансапты болу үшін, билік арқылы байлыққа жету үшін, шоубизнестегідей атын шығарып танымалдыққа ие болу үшін біркүндік саясатпенайналысатындар көбейді. Әлеуметтік желіде лайк жинау секілді бүгінде қоғамдықсаясат алаңында да атаққұмарлықтың жетегінде жүргендер бар. Бірқатар, инстаграм-саясаткерлермен фейсбук-патриоттар қоғамдық пікірмен манипуляция жасауды әбден меңгеріп,жұртқа жағатын әңгімелерді ғана айтып, тек өзінің танымалдылығын арттырудымақсат етіп алған. Бірақ, саясатта – жауапкершілік болу керек. Бүгін қазақ қоғамына қалай жемқорлық қауіптіболса, сонымен бірге, бүкіл жүйені қиратып, бәрін бір күнде өзгертемін дегендердің,халықтың көңілімен, уайымымен ойнап, тек қалың жұртқа жағамын деп құр бос уәдеберіп жүргендер, жалпы айтқанда популизм да аса қауіпті құбылыс. Саясатқакелген адам қиратамын, бұзамын деп емес, халқыма не беремін, қандай жақсылықәкелемін деген жасампаздық ниетпенкелуі керек. Саясаткерлердің де әрекетін жасампаздық тұрғысынан бағалау қажет –кім не ұсынды, не жазды, не құрды, қандай жағымды өзгерістерге түрткі бола алдыдеген сияқты.

Біз тарихта талай теперіш көріп, самайдағы тер, тамырдағықан түгесілгенше күресе жүріп, дербес мемлекет болуға қол жеткіздік. Ендігіәлсіздікті тарих кешірмейді. Сондықтан, Тәуелсіздік жолында миллиондар құрбанболған мемлекеттілігімізді мәңгілік ету үшін әрқайсымыз шынайы отаншыл, мемлекетшілболуға тиіспіз. Сонда ғана айымыз оңынан туып, әлемдік даму көшіндегі орнымыздынық ұстаймыз. Мәңгілік Ел боламыз.

 МАҚАЛАНЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!

Тегтер: