Ерлан Жетібаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды
Ерлан Жетібаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы — ресми өкілі қызметіне тағайындалды.
Ерлан Жетібаев 1984 жылғы 15 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Консулдық қызмет басқармасының маманы ретінде бастаған.
2009 жылы ҚР Қаржы министрлігінде мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы, ішкі қаржылық бақылау және бюджеттік кредиттеу департаментінде сарапшы болып қызмет атқарды.
2009–2011 жылдары ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінде үшінші хатшы болды.
2011–2017 жылдар аралығында Қазақстанның Таиландтағы Елшілігінде екінші және бірінші хатшы қызметтерін атқарды.
2017 жылы ҚР СІМ-нің ЭКСПО-2017 хатшылығында бірінші хатшы, кейін Азия және Африка департаментінде бірінші хатшы лауазымдарын иеленді.
2018–2020 жылдары «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында қызмет атқарып, қызметтік қамтамасыз ету қызметі хатшылығының басшысы, халықаралық ынтымақтастық және климаттық инвестициялар департаментінің директоры болды.
2020–2023 жылдары ҚР СІМ-де кеңесші, баспасөз қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарды.
2023–2025 жылдары министрліктің Коммуникациялар департаменті директорының орынбасары болды.
Ал 2025 жылғы наурыз айынан бері ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры қызметін атқарып келген.