Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:44, 18 Тамыз 2020

Ермекбаевқа елдің тағдыры ойыншық па?

               

Арыстаболған жарылыс тұрғындардың үрейін ұшырды

Былтыр 24маусымда адам өліміне, мыңдаған тұрғын үйдің бүлінуіне апарып соққан жойқынжарылысты бастан кешірген Арыс қаласы тұрғындарының тапа тал түсте тағы даүрейлері ұшып, тіпті кейбіреулері үй-жайларын тастап қашып кетті.

13 тамыз күнітаңертең  қалаға жақын жерде қатты жарылысболды.

– Таңертең сағат сегіздердің шамасында әскерибөлім жақтан шыққан гүрс еткен қатты дауыстан айналаның бәрі дірілдей бастады. Жарылыстыңтолқынынан есік-терезелер ашылып кетті. Ел ішін үрей биледі.   Көлігібарлар үйлерін тастап қашты, – деді бізге хабарласқан арыстық бір тұрғын.  Тұрғындар бізге осы жөніндегі видеоны дажіберді. Ұялы телефонның камерасы арқылы түсірілген бейнежазбаға қарағанда,жарылыс кезінде  әуеге қою түтінкөтерілген. Түтін арасынан жарқылдаған жарылыстар анық көрінеді. Видеотүсірушінің қорқыныштан қолының дірілдеп тұрғаны байқалады.

Жалпы, Арыстағы оқ-дәрі қоймасында қалған снарядтардыәскерилер бір жылдан бері жарып келе жатыр. Ол көп жағдайда қаладан алыс жердеорналасқан полигонда орындалатын. Күн сайын  естілетін жарылыстың даусына ел үйренебастаған-ды.  Алайда әскерилер анда-сандаелдің үрейін ұшырып қоюды  әдеткеайналдырған сияқты.  Биыл маусымның 9-ындаполигонда қатты жарылыс болды. Тұрғындардың айтуынша, жер дүниені дірілдетіпжіберген дүмпуден кейін ұзақ уақыт бойы  бомбалардың жарылған дауыстары естіліп тұрған. Осыоқиғадан кейін көшелерде сапырылыс, көлік тығыны бола бастапты. Кейбір адамдарқаланы тастап қашып кеткен. Алайда сол жолы Арыс қалалық әкімдігі тұрғындарға әскеригорнизон аумағында 9 маусымда жоспарлы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетініналдын ала хабарлаған еді. Ал 13 тамызда болған жарылыс алдын ала ескертілгенжоқ. Неге?

Тек сағат тоғыздардың шамасындаел үрейленіп, абыр-сабыр болып жатқан кезде қалалық әкімдіктің фейсбуктегі парақшасындаАрыс әскери горнизоны аумағында залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатқаны, оның қорғанысминистрлігі мамандарының бақылауында екені жөнінде ақпарат пайда болды. «Бұлжұмыстар Арыс қаласының халқы үшін қауіп төндірмейді. Қауіпке негіз жоқ, үрейгебой алдырмаңыздар», – делінген ақпаратта. Осы хабарламаның астына пікірқалдырған арыстықтардың айтуынша, жарылыстан бала-шаға қаттықорқып қалған, бала түгіл, ересектердің жүректері тарсылдап кеткен. Біроқырманның жазуынша,  «қайта-қайта қорқа беруді арыстықтардың денсаулықтарыкөтермейді, енді жайлап-жайлап басқа жақтарға көше беру ғана қалып тұр». АрайлымМырзахметова есімді фейсбук қолданушысы «Жарылып, жететін жерімізге жетіпболған соң, неге айтасыздар? Ескерту қайда алдын ала?» деп жазса, Айгүл Құдияроваесімді азаматша «Халық көшеде жүр, жауапкершілік деген ұғымды сезіну қашанбұйырады біздің Арысқа?» деген пікір қалдырыпты.

Әрине, бұл жерде жергілікті атқарушы органдыжазғыру орынсыз. Бәрі де әскерилердің түсініксіз әрекетіне барып тіреледі. Қаттыжарылыстың болатынын ескертпеу жауапсыздық па, әлде сауатсыздық па? Әлдежарылыс жоспардан ауытқып кетті ме?  Осыданкейін Арыстағы оқ-дәрілерді залалсыздандыру жұмыстарының толығымен бақылауменжүргізіліп жатқанына күмәндануға тура келеді. Басшылық тарапынан қадағалаужеткіліксіз сияқты. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа елдің тағдыры ойыншықпа?  Әскери басшылардың айтуынша,залалсыздандыру жұмыстары бес жылға дейін созылуы мүмкін екен. Егер бақылаукүшейтілмесе, былтырғы жарылыстың тағы да қайталанбасына немесе адам өлімінеапарып соғатын оқиғалардың туындамасына кім кепіл бола алады? Арыс қаласыныңәкімі Мұрат Қадырбектің мәлімдеуінше, 13 тамыздағы жайттан кейін әскери бөлімаумағындағы орнынан қозғауға болмайтын снарядтарды залалсыздандыру жұмыстары бірайға тоқтатылған. Әкімдік оқиғаны терең зерттеу қажет деп отыр.

      Арыста былтыр болған жарылыстың себептерікөпшілік үшін әлі құпия. Қазір Шымкент горнизонының әскери сотында осы жарылысбойынша айыпталған 16 әскериге қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сотталушы орындығындаотырғандардың арасында  қорғанысминистрлігінің полковниктері де бар. 448 томнан тұратын қылмыстық іс бойынша  әскерилерге қызметіне салғырттық танытты,оқ-дәрі пайдалану мен оны сақтаудың талаптарын бұзды, сеніп тапсырылған мүліктіталан-таражға салды деген айыптар тағылған.

Арысқа қатысты қылмыстық істер мұнымен тоқтамайды.Жарылыстың салдарын жою, қалпына келтіру үшін Арыстың былтыр 17 аймаққабөлініп, әр аймақ бір-бір өңірге тапсырылғаны белгілі.  Шенеуніктер осымақсатқа бөлінген бюджеттің, қайырымдылық қорларының қаржысын талан-таражғасалған. Жуырда Батыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдепартаменті  облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасыбасшысы орынбасарының үстінен  «бюджет қаржысын аса ірі көлемдеталан-таражға салды» деген дерек  бойынша тергеу амалдарын бастады. Алдын ала белгілі болған мәліметтерге қарағанда, күдікті 2019 жылдың тамызы менжелтоқсан айлары аралығында мердігерлермен сыбайласып, Арыстағы төтеншежағдайдан зардап шеккен 46 тұрғын үйді  ағымдағы жөндеуден өткізугебөлінген 50 миллион теңгеден астам қаражатты талан-таражға салғанкөрінеді. 

Ал  Арыс қаласын қалпына келтіру кезінде «қайырымдылық қорына жиналған 80 миллион теңге көлеміндегі қаржынысыбайластарымен жымқырған» деген айып тағылған Қызылорда облысының бұрынғыәкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты тергеу амалдары аяқталды. Экс-әкімнің ісісотқа өтті.

БақытжанӘБДІРАШҰЛЫ

Түркістаноблысы

Тегтер: