Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:30, 22 Сәуір 2019

Ержан Нұрымбет, актер: Театрдың міндеті – тәрбиелеу емес, ой салу

Ержан НҰРЫМБЕТ қазір Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының әртісі болып қызмет істейді.

Бірақ, бір ғана театр емес, кино саласында да жақсы көрініп жүрген актер. «Жат» (2015 жыл), «Дәмелі» (2015 жыл), «Бапкер» (2013 жыл), «Жеңіс семсері» (2012 жыл), «Жерұйық» (2011 жыл), «Келiн» (2008 жыл), «Сардар» (2003 жыл) фильмдеріне түскен.

– Ержан Амангелдіұлы, сіз мектеп бітірген жылдары еліміз жаңадан тәуелсіздік алып, алмағайып заман болып жатқан кез еді. Жасыратыны жоқ, ол жылдары жас талапкерлер көбінесе өзі қалаған мамандыққа емес, ыңғайы келген оқу орындарына түсіп кете беретін. Сондай қиын заманда ата-анаңыздың тарапынан «өнерді не қыласың, басқа мамандық таңдасаңшы» деген әңгімелер айтылған шығар…

– Рас, ондай әңгімелер айтылды ғой. Мектеп бітіріп, «міне, ертең Алматығаоқуға барамын» деп отырған кезде әкем «əртіс болып қайтесің,шабаданыңды арқалап ел кезіп жүресің...» деп, өнерге баруымды құптамады.«Ол не қылған шабадан? Ол не қылған ел кезу?» деп мен де біраз қарсыластым.Сонымен, тоқ етері, Алматыға жол түспеді. Осы күндері ойлап отырсам, әкем біліпайтқан екен ғой. Қазір өнердің жолында шабаданымды арқалап, ел аралап жүріпжатырмын. Киімдеріңді салып алып, киноға түсу үшін сонау айдалаға бір-екі айғабір-ақ кетесің. Жалпы, өзім өнерге кішкентай кезімнен жақын болдым. Әйтеуір,ішімде өнерге деген бір ғашықтық дерт болды. Бірақ әке-шешем жоғары оқу орнынабасқа мамандық бойынша түсірді.

– Не мамандық еді ол?

– Араб тілінен аудармашы мамандығы. Негізі, о бастағы арманым әнші болу еді.Онда да опера әншісі. Бірақ ол бұйырмады. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» деген,бабым келгенмен, бағым келіспеді. Мектепте оқып жүрген кезде талайреспубликалық конкурстарға қатыстым. Лауреат та атандым. Домбыра тартып, әнайтуды да өз бетімше үйрендім. Негізі, әр адамның бір нәрсеге бейімі болады. Менмузыкаға құмар болдым. Үйде Қазақ радиосы азанна кешке дейін қосулы тұратын.Қазақ әндері мен күйлерін құлаққа сіңіріп өстік. Әжемнің баласы едім. Ол кісіде ептеп ән салатын. Айтқан әндері әлі күнге құлағымда. Әжемнің ертегілеріқандай еді, шіркін… Әкем де анда-санда домбырамен ән шырқайтын. Осылардыңбарлығы өз жолымды таңдауға көп әсерін тигізді.

– Ауылдың әр баласы эстрада әншісі болуды армандауымүмкін. Ал сіздің опера әншісі боламын деп армандауға не себеп болды?

– Иә, опера әншісі болуды армандадым. Бірақ бұйырмады. Шынымды айтсам,кішкентай кезімде опера әншісінің қандай болатынын өзім де жақсы білмесемкерек. Шамасы, біреу майын тамызып мақтады ғой деймін. Сол санада сақталыпқалған сияқты. Әкем үйге қонақ келген сайын маған əнайтқызатын. Бұл да бір үлкен мектеп болды. Сөйтіп, қысқасы, «шығармашылық» жолымдыүйге келген қонақтарға əн айтудан бастадым. Сол кісілердің батасын алдым. Әліесімде, алты жастамын ғой деймін. Әкемнің «үлкен кісі көрсең алдымен амандас,батасын ал» дегені қатты əсер етсе керек, көрші Аят деген қария болушы еді,күнде таңертең біздің үйдің қасынан есегімен өтеді. Сол кісімен амандасу үшінтаңертең ертерек жолға шығып күтіп отырамын. Ол кісіні көре сала «Ассалаумағалайкүм»деп алдынан жүгіріп шығамын. Ақсақал «ой, жарайсың балам, кімнің баласысың?»деп сұрайды. «Амангелдінің» деймін. «Ой, жарайсың, таудай бол!» деп батасынбереді. Осы оқиға күн сайын қайталанады. Кей күндері ол кісінің есегі аяғымдыбасып кеткен кездер де болды. Сонда да «таудай бол» деген бір сөзді есту үшін тапжылмайкүтіп тұрамын. Енді, міне, осы күндері əкемнің маған айтқан насихатын баламаайтып отыратын болдым. Өмірімде қандай қуаныш, жақсылық кездессе де, солкісілердің батасы шығар деп ойлаймын. Сосын, тағы бір есімде қалғаны, үйдегідомбыраны тарта алмаймын. Тек сабалай беремін. Айқайлап əн айтамын. Сонда əкемалғаш рет «Елім-айды» үйретті. Содан кейін кез келген əнді, күйді естігенжерден жаттап алып, домбырада ойнай беретін болдым.

– Сөйтіп, аудармашылық оқудан өзіңіз сүйген мамандыққақалай ауысып алдыңыз?

– Басқа мамандық бойыншаоқуға түссем де, бойымдағы өнерге деген құштарлық маған тыныштық бермеді. Біреуəн айтса да, өлең оқыса да, елеңдеп тұрамын. Ақыры екі жылдан кейін оқуымдытастап, Райымбек Сейтметов ағамыз ашқан Түркістандағы ХҚТУ-дың өнерфакультетіне оқуға түстім. Райымбек ағаның шəкірті болдым, бұл да мен үшін үлкенжауапкершілік болды. Бірақ əнші емес, актерлік факультетіне түстім. Бұған өзімніңбала кезден досым болған домбырам мен əншілігімнің көп көмегі тиді. Әрине, Райымбек ағаның Түркістаннан театрашуы үлкен жаңалық еді. Ол кісі өткенін саралап, болашағын болжап, қиын замандамəдениет пен ғылымның ордасы болған жерге келіп, театр ашуы нағыз абыздық, көрегендікболды деп айта аламын. Жалпы, еліміздегі өнер мен мәдениет мемлекет тарапынанқашан да қолдау тауып келе жатқан сала ғой, бұл театрдың ашылуы да елеусізқалған жоқ. 2000 жылы Түркістан театрының ашылуына президент Н.Назарбаевтың өзіқатысқан болатын.

– Ал Астанаға қалай жол түсті?

– 2002 жылы «Сардар» фильміндегі басты рөлдердіңбіріне шақырту алдым. Шынымды айтсам, сол уақытқа дейін киноға түсемін депойламап едім. Бәлкім, ойлаған да шығармын, бірақ жүрексінген болармын. Киноəлеміне жолдама алып, әріптестерім құттықтап жатқанда мен қатты қуана алмадым.Қорықтым. Өйткені кино мен үшін əлі түсініксіз əлем еді. Режиссердің талабынорындай аламын ба, жоқ па деген қобалжу болды. Бірақ кейін түсіру алаңындағырежиссер Б.Қалымбетов ағамыздың аңқылдаған бала мінезін көріп, бір серпіліпқалдым. Бұл маған үлкен күш-қуат, жігер берді. «Сардар» фильмі менің кино əлемінекелуіме жақсы жолдама болды. Осы фильмнен кейін Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақмузыкалық драма театрынан шақырту алдым.

Айтпақшы, 2005 жылы бұл театр Түркістанғагастрольдік сапармен келген болатын. Сол жолы бұл ұжымның барлықспектакльдерін, актерлерінің өнерін көріп, Нұркен Өтеуілов, Қуандық Қыстықбаев,Асылбек Қапаев, Ерлан Малаев сынды актерлердің нағыз жүйріктер екенін байқадым.Содан «Астанаға ауысамын» деген шешімге келдім. «Жығылсаң нардан жығыл» деген,өнердегі бәсекелестік нағыз осындай актерлердің арасында болса керек дегеноймен 2007 жылы Астанаға қоныс аудардым. Оның үстіне орталықтың аты орталық, еластанасында Қазақстанда болып жатқан барлық жетістіктер мен жаңалықтардыалдымен естисің...

– Қалай ойлайсыз, қазіргі актерлердің танылуына мүмкіндікмол сияқты. Өйткені кино көп түсіріліп жатыр. Қазақша әр түрлі сериалдар да түсіріліп жатыр. Мәдениет және спортминистрлігі бұл салаға қолдау көрсетіп те жатыр. Сол мүмкіндікті қалайпайдаланып жүрсіз? Жалпы, киноның көп түсіріліп жатқаны дұрыс үрдіс пе?

– Актерлік тек танымалдықтан ғана тұрмайды ғой. Халықтыңкөңілінен орын алу, көңілінен шығу – қиынның қиыны. Ол – актер үшін күн сайын емтихантапсыру деген сөз. Актерлік – бұл ғылыми жұмыс. Актер – зерттеуші, актер – өззаманының жаршысы. Актерді актер қылатын – міндеттілік, халық алдындағы, əріптестералдындағы, өнер алдындағы міндеттілік. Иә, қазір актерлерге мүмкіндік көп, түсіріліпжатқан фильм, сериалдар аз емес. Ол да дұрыс шығар. Бірақ енді сапаға қаттыкөңіл бөлетін кез келді. Халық сапалы нəрсені тұтынуы керек, орташа дүниелерденшаршады. Халыққа ұсынылған фильм, сериал, спектакль болсын ол жай ғана «жақсы» дегенбір ауыз сөзбен бағаланбауы керек. Ол шығарма адамға ой сала білуі керек. Көрерменбейтарап қалмауы тиіс, ол сахнадан өзін көруі керек, содан тағылым алуы қажет.Бұл өмірдің шындығын көрсететін – өнер, ол сол үшін де қымбат.

Қазір кино саласы абыр-сабыр, бәрі асығыс. Әншілерде фильм түсіріп жатыр. Оған қарсылығым жоқ, бірақ ондай дүние қарапайымхалыққа не береді, не айтады, адамның санасына қаншалықты əсер ете алады? Маңыздысыосы емес пе?

– Жалпы, театрдың міндеті не деп ойлайсыз?

– Бірден айтайын, театр – халықты тəрбиелейтін орынемес. Театр – ой салушы ғана. Театр көрерменге «осылай бол» деп ақыл үйретпейді.Көрерменнің өзі ой түйіп, өзі шешім қабылдауы керек. Өз басым кино мен театрдыбөліп-жармаймын. Кинодан үйренгенімді сахнада қолдануға тырысамын. Яғни олкөбірек табиғилық береді. Өзім театр актерінің техникасын кинода қолданамын. Олөзіндік үн береді. Біз сахнада оқиғаны қабылдап, бағалап, бірақ көрерменнің барекенін ұмытпаймыз, ал кинода іштегі «менмен» ғана бетпе-бет қаласың. Өзімтүскен фильмдерді көрерменге ой салатын тұстарын жеткізе алдым ба, қай жеріндеқателік жібердім, қай жерінде қайталау кетті деген оймен, келесі жолы сол қателіктіжібермеу үшін ғана көремін. Шынымды айтсам, экраннан өзімді онша ұнатабермеймін. Сын көзбен қараймын, ойнаған рөлдерімнің барлығына көңілім толабермейді.

Біз əрқашан ішкі ойымызды сөзбен жасырамыз, ал көз– адам жанының айнасы, кинода ең бастысы – көз, көз қашанда іштегі дүниеңдіайтып береді, сондықтан тек кинода емес, сахнада да көрерменді сөзіммен емес,көзіммен сендіргім келеді.

– Рөлді қалай таңдайсыз? Сценарийменалдын ала танысып алатын боларсыз?

– Əрине. Әрқашан өзіме ұсынылған рөлмен жақынырақтанысып, «көрерменге не айтар екен?» деген сұрақ төңірегінде зерттеп көремін. Сценарийдіоқып шыққан соң, мен ондайға «ілік» деп ат қойып қойғам, рөлдің, сценарийдіңөзім білетін «ілігі» болмаса, бірден бас тартамын. Жақында мен түскен «Батырлар жолы» деген фильм жарыққа шығады. Бұл фильмҚарасай батыр туралы. Экраннан көрсетеді дегелі бері екі жылдай уақыт болды.Бірақ кей кадрларды қайта-қайта түсіріп, ұзаққа созылып кетті. Бір жағы,министрліктің тапсырысы болғаннан кейін режиссерлер асығыстыққа барған жоқ.Одан бөлек, соңғы жылдары Украинада қолғаалынған екі фильмге шақырту алып, түсіп келдім. Біріншісі – фэнтези, екіншісі –тарихи «Захар Беркут» деген фильм. Түсіру тобы толық Голливудтан арнайышақырылған. Томи Флэнаган, Роберт Патрик сынды Голливудтың атақты актерлерімен бірге жұмыс істеубақыты бұйырды. Бұл да мен үшін үлкен тəжірибе. Соңғы фильм украин батырларын дәріптейді. Маған моңғол батырының рөлі тиді.Киноны өте асықпай түсірді. Сәл дұрыс болмай қалса, бәрін қайтадан басынанбастайды. Тіпті қарапайым шөптің өзі жапырылып, дұрыс көрінбей қалса да бәрінқайтадан бастайды.

Осы уақытқа дейін театрда да, кинода да үлкенді-кішілікөптеген рөл ойнадым. Тек бір амплуада қатып қалған жоқпын. Жақсының да, ғашықтыңда, бай мен бағланның да рөлдерін сомдадым. Менде бір нəрсеге қатып қалу жоқ. Жалпы, актердің өз өмірінде «паспорты» сияқты бір-ақрөлі болады ғой. Ол рөл – шаңырақ, қалғаны уық сияқты боп тұрады. Мен де өмірімдегі басты рөлге кележатырмын. Осыған дейінгі ойнаған рөлдерім соған барар баспалдақ, дайындық, сабақболғаны сөзсіз.

– Әңгімеңізге көп рақмет.

Әңгімелескен Оралхан ДӘУІТ

Фото: zhasorken.kz

Тегтер: