Есбол НҰРАХМЕТ. Таусылмас түн

Бар үстелшесіне тақау қойылған биік орындыққақырындай жайғасқан сұлу өңді әйел барменге қиыла қарап, иегімен Талғаттынұсқады, сосын әлде не деп сұрағандай болды.
Бағанадан бері неше рет көзіменсүзіп өткенін бұл да байқаған. Бармен өзгеше бір әуесқойлық кейіппен жымиды да,әйелдің құлағына ауызын тақады. Талғат әңгіменің өзі туралы болып жатқанынжақсы түсінді, әйел көзін аударып-төңкеріп бұған тағы бір назар аударған сәттебұл да ыңғай таныта жымиып қойды, бірақ тұрған орынынан қозғалмады. Әйел қысқаюбкасынан әппақ саны, ұзын, түзу аяқтары кезек жалтылдап бұған қарай жақындады.Әлде бір ұрғашы арыстанның жемтігіне жақындағаны секілді, мысықша басып таяпкеледі, аш арыстанның ырылы Талғаттың құлағына анық естілгендей болды. Әне-мінебас салмақшы, жақындай түскен сайын әрі қорқыта, әрі еліктіре, қызықтыратүсті...
Талғат әдеттегіше толқуын басып, сабасынатүсіп үлгерді. Енді өзін айбарлырақ сезінді, жанына жақын келген жас әйелгеселқос қана көз салды.
– Сізді осы бардың ең мерген аңшысы дейді, ең қымбат жәнесұлуын ғана атады деседі...
Талғатқа әйел өзінің ойын оқып тұрғандай сезілді. Бүкілденесімен бұрылып қарады:
– Олар көбінде нысанаға өзі ілігеді, – деп әйелге жоғарыдантөмен қарай сәл ғана езу тарта қарады. Әйел қиыла қолын ұсынды:
– Әсел.
– Талғат.
– Қуаныштымын.
– Мен де.
Әсел барменді шақырып сусын құйғызды. Бармен Әселге текила,Талғатқа сыра құйды.
– Осыны ішкен соң шығып кетейік, – деді Әсел.
– Осынша асығыс па?
– Иә. Әйел сырлы езу тартты.
– Жарайды, әңгіменің аздау болғаны жақсы...
Екеуі бокалдарын қағыстырды да қағып салды.
Әйел алдыға түсіп Талғаттың қолынан тартты. Талғаттыңкөзі оның қысқа, тар юбкамен айшықтала көрінген бөксесіне түсті. Әйел моладымдаған сайын бөксесі бұлтыңдап, әрі-бері ойнақшыды. Талғат оның спортпен жиішұғылданатынын аңғарды, ашық білегі де жұп-жұмыр, шымыр көрінді. Тұтас мүсінімінсіз болмаса да өңін бермепті.
Дүрсілдеген музыка, жарқ-жұрқ еткен электр шамы, елігебилеген көп адамның арасынан тақ-тұқ еткен биік өкшелі қызыл туфли Талғаттысыртқа қарай бастады. Сыртқы киімдерін киген соң Әсел автотұрақтағы өгіздейЛексустың жанына алып келді. Аяз қарыған ақ қар әр басқан сайын сықырлай түсті.
– Сен іштің ғой, қалай рөлге отырасың?
– Алаңдама, ең бастысы ешкімді қағып кетпесең болды...
– Ал қағып кетсең ше?
– Оның да бір жөні болады да...
– Өлтіріп алсаң ше?
– Тіпті жақсы, оңай із жасырасың...
Әйел Талғаттың таңданысты жүзіне қарап, сықылықтай күлді.Күлкісін сүйкімді етпек боп, барынша бояғанымен, кекcе әйелдің тәжірибелідауысы аңғарылып тұрды. «Дауыс алдамайды» деді Талғат ішінен.
– Ештеңеге алаңдама, маған серік болсаң болды, Талғатжан,– әйел сенімді жауап қатты.
Талғат бүгінгі түннің өзгешелеу болатынын іштей сезінді.Бірақ ешнәрсеге алдын-ала бас қатырып жатпайтын, ол шынымен де алаңдаған жоқ.Лексус 570 көлігі орнынан ытқи қозғалды.
***
Көлік қаланың ең бір құпия көшелерін басып өтіп,қалтарыстағы үлкен коттедждің алдына келіп тоқтады.
– Өте жайлы орын, – деді әйел. Маңдайшасына «Тұман» депірі әріптермен жарқырата жазыпты, алдыңғы қабырғада көлбей орнатылған«Караоке» деген жазу бір жанып, бір өшіп тұр.
Жұлдыз сөніп, аспан тұтас қараңғылыққа шомыпты. Әсел коттедждіңоң жақ қабырғасына қарай ойысты да төмен қарай баспалдақпен түсіп кетті, Талғатта соңынан ерді. Баспалдақ тағанындағы темір есік айқара ашылған сәтте, іштенқызыл-сары шам жарығымен бірге жылы ауа сыртқа серпіді. Тымық түнде алғашқыдаұзара созылған қос көлеңке көлбең-көлбең етті де, жабылған есікпен бірге жоқболды.
Есіктің ішкі жағында тұрған зор денелі қара киімді жігітәйелге салқын ғана бас изеп, амандық жасады.
– Ол менімен бірге, – деді Әсел Талғатты көзімен нұсқап.Дәу қара түсіндім деген ишарат жасап оң қолын сәл жоғары көтерді де, қайтаданқусырып алды.
Бұлар шамы күңгірт тартқан ұзын коридормен тура жүріп,тағы бір бұрышты айналғанда оң жақта бар үстелшесі кезікті.
– Қош келдіңіз, Әсел, – деді үстелшенің арғы жағындағықою қара мұртты жігіт. Қасқа маңдайдан көк желкесіне дейіп жап-жалтыр, қосқапталындағы аз шашы әрі бұйра, әрі қою екен.
– Бізге әдеттегідей болсын, – деді Әсел әлде бір сырлыәуенмен.
– Тоғызыншы нөмір, – деп бармен одан арман жымыңдай түсті.
Әсел құндыз тонының етегі жер сызып, такаппарлана басыпалға қарай жылжи берді.
Бұлар маңдайшасында «9» деген жазуы бар қоңыр есіктіашып, төрге озды. Ұсақ-ұсақ ақшыл шамдар жарық түсіріп тұрған шағын бөлменіңтөрінде ұзын, әрі кең қоңыр диван, аласа үстел және бір неше жұмсақ орындықтұрды. Қара көлеңкеленген түкпір жақтан тағы бір есіктің сұлбасы көрінді. Екеуісырт киімдерін киімілгішке ілді де, диванға келіп жайғасты. Бұлар жайғасыпболам дегенше, жаңағы қара мұртты бармен келіп кіріп, күлімдей жүріп караокейқосты. Сосын қалған заттарды қазір әкелетінін айтып шығып кетті.
Сәлден соң бөлменің жарығы бәсеңдеп, үстел үстіне бірбөтелке Jameson вискиі, кола, тіскебасар бірнеше салат және ашық пакетке салынған ақ ұнатқтар әкелініп қойылды.
– Түкпірде жатын бөлме бар, душ пен әжетхана да сонда, –деп қара мұрт тағы жымиды да, ізет көрсетіп шығып кетті.
Олар вискиден бастады.
– Бүгінгі түнннің қызықты, әрі ұмытылмас түн болуы үшін! –деп тост айтты Әсел. Оның жүзінде әлде бір сыр жатқандай болды.
– Маған коньяк та жаман болмас еді, – деді Талғат. Солсәтте-ақ әншейін айта салғанын түсінді. Ол да әкелінді. Бір неше рюмкадан кейінқыза бастағандары байқалды. Олар кезек-кезегімен ән айтты. Талғат әнге оншанашар емес еді, қоңырлатып біраз шырқады. Ал Әсел тіпті жатық екен, дауысынанәлде бір жағымды бояу да байқалып тұрды.
Әлден уақытта Әсел сықылықтай күлді.
– Мүмкін жатын бөлмеге кіріп-шыққан соң жалғастырармыз,түн әлі ұзақ, – деді көзін аударып-төңкеріп.
– Қарсы емеспін. Талғат Әселді шап беріп ұстай алды дакөтеріп ала жөнелді...
***
Бір сағат шамасынан кейін екеуі тағы да үстел шетіндеотырды. Әсел темекі тұтатты. Темекі түтінін құмарта сорып, сосын рахаттана баяусыртқа үрледі. Ернеуі сәл әжімделе бастаған, бір көргенге әлі де нәзік,томпақша еріннен созыла шыққан көк түтін горизанталь бағытпен жайыла барыпкөтеріліп кетті.
– Қаншадасың, Талғатжан?
– Жиырма алтыдамын...
– Бұл жұмыспен айналысқаныңа қанша жыл болды?
– 4 жылдан асып барады.
– Тәжірибең байқалып тұр, – Әсел тағы да сыңғырлай жөнелді.
– Тәжірибе одан көп ерте басталған, – Талғат паңданакүлді, – ұнаса болды ғой.
– Ұнағанда қандай...
– Өзің қаншадасың?
– Қыздың жасы он сегіз...
– Шыныңды айтшы...
– Қанша бересің?
– 37-38 шығар?
– Ой, рахмет! Солай деп білсең де болады.
– 42-43 жас па?
– Оны қайтесің?
– Жарайды, қойдым.
Екеуі тағы біраз үнсіз отырып қалды. Талғат коньяктан,Әсел вискиден алды. Осы аз үнсіздік жаңағы көңілді әңгімені басқа арнаға бұрыпжібергендей болды. Әсел булығып жылай бастады. Талғаттың өңінен шаршаған бейнебіліне қалды. Оған бәрі түсінікті еді.
– Не болды деп сұрамайсың ба? – деді Әсел мұрынынпырс-пырс тартып.
– Не болғанын онсыз да біліп отырмын ғой, тастап кеткенкүйеуің есіңе түсіп отырған шығар тегі...
– Жоооқ! – деп соза дауыстап жіберіп, қайта жылады.
– Онда соған ұқсас тағы бір нәрсе болар, айтшы енді, неболды?
Әсел солқ-солқ етіп тағы біраз жылады.
– Сен менің тағдырымды түсінбейсің....
– .....
– Жарайды, айтқым келмей қалды, – ол көз жасын бірдентыйып ала қойды, – кел, онан да мынаның қызығын көрейік.
Әсел пакеттегі ақ ұнтақты үстел үстіне төкті де, әдемілепжаймалап, сосын ұзын сызық бойына үйді. Мұрнының бір жақ тесігін бас бармағыменбітеп тұрып, екінші тесігімен ұзын сызық бойын қуалай сімірді. Сөйтті деашырқана айғайлап жіберіп, көзін төбеге салып шалқалай кетті. Кеудесікөтеріліп-басылып, ентіге тыныс алып, тағы бір айғайлап алды да, басын көтерді.
– Енді сен, – деді де тура жаңағыдай етіп Талғатқажаймалап берді. Талғат та Әселді қайталады. Бірақ есесіне пысқырып-түшкіріпқақалып қалды. Әсел сақылдай күлді. Талғаттың екі көзі жасаурап, таңданғанбейнемен аз отырып қалды да «Уһ» деп дем шығарды. Енді көзі шырадай жанып,барша зат анық көріне бастады. Бұның соңынан кола қосылған вискидан екі бокалдытартып жіберді.
Бұлар осыны тағы бір-бір қайталады. Талғат өзге бірәлемге кіріп бара жатқандай сезінді, көз алдындағы заттардың бәрі формасынжоғалтып, сұйық бір нәрсеге айналып ағып бара жатқандай болды. Тіпті өзініңқолы да қорғасынша балқып, енді аз болса жерге төгілуге таяп бара жатты. Осыкезде есікті ашып бағанағы қара мұртты, қасқа бас бармен кірді.
– Бір нәрсе керек пе, Әсел ханым?
– Мына қоқыстарды жинашы...
Бармен босап қалған бөтелкені көтеруге еңкейген, Талғатоған жалт қарады:
– Түлкі, – деді, көз алдында ұзын мұртты, маңдайыжап-жалтыр, құлағы тіп-тік қара түлкі пайда бола кетті, – Түлкі!!! – түлкі бұғанмұрты едірейе аппақ тістері ақсия қарады, – кіш, кет, түлкі...
Әсел сақылдай күлді. Талғат оған да жалт қарағаны солекен, Әсел де сүйрік жүнді, тік құлақ қызыл түлкіге ұқсап шыға келді. Ол сақылдайкүлген сайын ескі телевизордың экранындағы бейнеше шұбарлап барып, бірде адамға,бірде түлкіге айналып кетіп тұрды. Талғаттың күлкісі келді. Қарқылай жөнелді.Бармен шығып кетті. Әсел тағы да темекі тұтатты. Осы сәт әлде бір тыныштықтапқандай Талғатқа тесіле қарады. Талғат жаңағы елестерден әлі арыла алар емес.Оның көзі шұбалаңдап созылған темекі түтініне түсті. Түтін Әселдің ауызынаншыққан соң көтеріліп барып әлде бір формаға ие бола бастады. Талғат таңданақарады, әрі күлкісі келіп, арсалаңдай берді. Түтін есектің құлағындай қосқұлағы бар, теке мүйіз, ешкі сақал кәрі шайтанға ұқсады. Енді шайтан сақылдапкүле бастады, оның дауысы ауызынан ұсақ-ұсақ найза боп атылып шықты. Ұсақнайзалар екпіндете келіп, Талғаттың миына қадалды. Найзалардың қалай ұшыпшығып, миына дейін қалай жеткенін, қалай қадалғанына дейін Талғат ап-анықкөрді. Әсел темекіні будақтатқан сайын, түтін шайтанның кейпін анықтай түсті,өйткен сайын шайтан қатты күлді, ал күлген сайын күлкісі найзаша ұшып Талғаттыңмиына қадала берді, қадала берді. Сонда миынан ірің аралас қан аға бастады,қан бас сүйегінің ішін бойлап кеңірдегінен өтіп асқазанына құйылды. Асқазаныныңтүбінен бастап лепілдей толып, көтеріле берді. Осы кезде Талғат лоқсып құсыпжіберді. Алдындағы үстелдің үсті, еден түгелдей жеген салаттың қалдығы менішкен сыра, арақ-шарабы араласқан ащы құсыққа былғанды. Әсел «Аһ» деп атып тұрдыда, ішегін ұстай бұратыла күлді.
Бағанағы қара түлкі қайта пайда болды. Ол енді адамғаайнала бастады. Тегіс еден қисайып барады, Талғат құлап қалмау үшін диванныңжоғарғы жақ басына жармасты. Әсел одан әрі сақылдай түсті, оның дауысы алыстап,үңгір ішіндегідей жаңғырығып өшкіндей берді… Талғат қалғып кеткендей болды.
Есін жинай қалғанда Әсел қолын бұның ышқырына сүңгітіпжібергенін көрді. Талғат ырғалаңдап әрең тұрды да душқа кіріп, жуынып, сәлтәртіпке келді.
Аздан кейін екеуі тағы да үстел басында отырды. Талғатқабұл түн ұзаққа созылып кеткен секілді көрінді. Әсел бағанағы ақ ұнтақтан тағыда қайталатты.
– Енді шығып кетейік...
– Қайда?
– Басқа жер бар, бұдан көрі еркінірек. Такси шақырыпқойдым, енді көлік міне алмаймыз...
– Осы жер де жаман емес еді...
– Кету керек. Мені тауып алды.
– Кім?...
Сұрақ жауапсыз қалды. Екеуі сыртқа шықты. Таңнан әлібелгі жоқ. Талғаттың басы тағы айнала бастады. Олар таксиге отырды.
Такси үлкен көшедердің біріне шықты да ағыла жөнелді.
– Ол көріп қалды, енді бізден қалмайтын болды, – дедіӘсел машинаның артқы терезесіне абыржи қарап.
– Ол кім?
– КНБ-щник.
– Ол не істейді?
– Мені аңдиды.
– Неге?
– Мен оның бастығының бірінші тоқалымын.
– Сонда оның неше тоқалы бар?
– Көп, оны қайтесің, одан да мынадан құтылуды ойлаукерек, ұстап алса екеуіміз де құримыз, әсіресе саған жаман болады.
– Мен не істеп қойдым?
– Сен оның екінші әйелімен көңіл көтеріп жүрсің...
– Жоқ, сен менімен көңіл көтеріп жүрсің...
– Ол маңызды емес...
– Одан неге қашасың?
– Кімнен?
– Күйеуіңнен...
– Сүймеймін...
– Сүймесең неге тиесің?
–… сенің шаруаң емес...
Талғат екі көзі алақтап, машинаның артқы терезесінеқарады. Отыз метр шамасында қашықтық ұстап, фарын әлсіз ғана жағып, қара түстіМерседес S class ілесіп келеді екен. Қара мерседес екі езуінен жалын шашқанқара айдаһарға ұқсай бастады, Талғат бағанағы ақ ұнтақтың тағы әсер етебастағанын түсінді. Одан әрі тұтас дүние құбылып жүре берді. Ол алдына қарапоңалып отырды. Жаңағы қара айдаһар арғымақ жылқыға айналды. Асфальттың үстінтасырлата шауып, қуып келе жатыр. Тіпті асфальтқа тиген тұяқ дыбысына дейінқұлағына жетті. Кенет өздері мінген такси де күрең атқа айналып шыға келді, бұлең артына мінгесіп алыпты, құлап қалардай болып Әселді қатты құшақтап алды. Негеекені белгісіз екеуі жарыса күлді. Күлкі әуенімен бірге бүкіл дүние ыдырап,түгел формасын жоғалта бастады. Әсел де, өзі де, такси мен қара мерседестің детек бояуы ғана қалды. Әншейін кеңістікке шаша салған бояулар бірі қуып, біріқашып барады. Бұлар мінген сұры түсті такси мен Әселдің қызыл және қоңыр түстікиімдері, талғаттың ақшыл киімдері араласып, түнгі күңгірт кеңістікте қалықтайұшып бара жатқан ақ, қызыл, сұры бояулардың қосындысына айналды. Ал артқы жақтаөзінен күңгірт сары бояу шашып, қою қара бояу жақындап келеді. Ол жақындаған сайынзорайып, бәрін жұтып жіберердей көрінді. Келесі сәтте тағы да қара айдаһарпайда болды, жалын шашқан айыр тілін жалаңдатып, ұшып келе жатты… өстіпбірінен кейін біріне алмасты. Осының бәрін Талғат биіктен көріп келеді. Олөзінің де бірде бояуға, бірде адамға айналған бейнесін сыртынан көрді. Екі көзіғана кеңістікке ұшып шығып, бәрін бақылап тұрған секілді...
Бір кезде такси тоқтай қалды. Әсел:
– Тез түс, қаш, – деп айғай салды. Өзі де бірге түсіп жолшетіндегі бақ ішіне қарай жүгірді. Талғат сүріне-қабына қашып бара жатып,таксиден озып барып тоқтап, қара мерседестен түсіп жатқан ер адамды байқапқалды, қолында наганы бар екен. Талғат жүгіріп келді де үлкен бір тастыңқалқасына тізесін құшақтап отыра кетті. Осы кезде бағанағы адам да қуып жетіп,бұған наганын оқтап тұрғанын сыртымен сезді. Ажал жетті деп түсінді, көз алдынасонау бір балалық шағы, бұлақ бойы елестей берді...
Тарс еткен мылтық дауысы естілді, енді Талғат баршаөмірін бір-ақ сәтте көз алдына келтірді. Іле-шала желке тұсынан қатты бір соққытигендей болды, онымен бірге бас сүйегі шарт етіп жарылды да, миы атылыпшығып, кеңістікке баяу шашыла берді. Бағанағы көз алдына елестеген барша елесішашыраған миының әр бөлшегінде бірге шашырап барады. Бейне айнаны сындырыпжібергенде айна бетіндегі көріністердің күл-парша болып ұсақталғаны секілді, бірбөлшегінде анасының, бір бөлшегінде балалық шағының, енді бірінде алғашқымахаббатының бейнесі, балалық арман, қуанышты сәттер, тағы-тағылар түн құшағынасіңіп барады… Шашырап бара жатқан елестерді жинағысы келгендей қолын қаумалайсозды. Ұмсынған беті екпетінен құлады, барша елестер сөніп, жоқ болды.Қараңғылық орнады...
Бетіне шашып жіберген қардан селк етіп есін жинады.Өлмепті.
– Мен оны аттым, – деді Әсел. Жігіт бұның жанындаұзынынан жатыр, кеудесі қан-қан. Талғат орынынан атып тұрды, – маңдайы сеніңжелкеңе тиіп жығылды, содан сен талып қалдың. Құдай-ай, мен оны өлтіріп қойдым,мен өлтіріп алдым..., – Әсел аптығып, қатты айғайлап жіберді.
– Неге аттың оны?
– Сені өлтіріп тастайтын еді ғой...
– Мен енді бәрі бір өлем ғой...
Әсел жылап жіберді. Талғат есін толық жинап алды. Неістерін білмей, айналаға, аспанға қарады, таңның әлі белгісі жоқ. Таң атсабәрінен құтылатындай сезініп еді.
– Сен кімсің өзі? Қандай қатынсың?
– ....
– Кімсің деймін, күйеуің кім сонша?
– Ол КНБ-ның генералы. Енді бізге өмір жоқ...
– Бізгең не? Маған не қатысы бар?
– ....
Талғат жынданып кете жаздады. Әсел солқылдап жылауын қояремес.
– Мен кеттім, түк қатысым жоқ бұған...
– Бәрі бір құтылмайсың...
Талғат жүгіре басып алыстай берді, «Таң атса бәрі жақсыболар ма екен?...» деген бір алдамшы үміт көкжиекке көз салдыра берді...