Есенгелді СҮЙІНОВ: Сен барсың

Қол бұлғап шақырады қырат, белес,
Алдымда-асыл арман, қиял, елес.
Құлпырған қызғалдақтай, сарғалдақтай,
Сен барсың, ешкім маған керек емес.
Қиялым заңғар көкке шарықтайды,
Өзіңмен бірге ұшудан жалықпайды.
Тұп-тұнық жанарыңмен шуақ төккен,
Сен барсың, ұмтылады барлық қайғы.
Түспесін ауыртпалық білегіңе,
Білмеймін жайыңды мен, білемін бе?
Сен барсың бұл әлемде ғашық қылған,
Сен барсың лүпілдеген жүрегімде.
МАХАББАТТЫҢ БАЛ АЙЫ
Бұйырар ма махаббаттың бал айы,
Бірге болар таң атқанша арайлы.
Ынтықпын мен, күндей сұлу дидарың,
Айналаға сәуле болып тарайды.
Ет-жүрегім, емес темір, қалайы,
Сені ғана шын сүюге жарайды.
Жан-дүниеңе ләззат, рахат беретін,
Қандай ғажап махаббаттың бал айы!
Керемет қой махаббаттың бал айы,
Тамсандырған шырынымен талайды.
Тіршілікте кәусар шаттық сыйлайтын,
Сүйіктім-ау, жаным сені қалайды.
Қызығамын, суретіңе қараймын,
Жолығатын күндерімді санаймын.
Аймаласып өткізетін өзіңмен,
Аңсап жүрмінмахаббаттың бал айын.
ЖҰЛДЫЗЫМСЫҢ СЕН МЕНІҢ
Жәудірейсің, бәсең даусыңсызылған,
Сұлулығың дарығандай Қыдырдан.
Тал шыбықтай бұраласың майысып,
Сымбатыңа көз алмастан қызығам.
Білемін мен қадіріңді,парқыңды,
Сүйкімдісің, қылықтарыңтартымды.
Гауһартастан, лағылдан даасылсың,
Өзіңді ойлап шағала-арман шарқұрды.
Ұшқын ойнап, сезім оты жағылды,
Миыма кеп, ғажайып ой ағылды.
Барқыт кеште серуенге шығайық,
Өзіңменен бәрі әсерлі, жағымды.
Сүйсінемін сымбатыңа, тамсанам,
Ынтық болып жүр ғой саған қаншаадам.
Жұлдызымсың аспандағы сенменің,
Бақытымсың, сүйгенімсіңаңсаған!
ЕЛІКТЕЙ ҮРКІП...
Намысым жатыр аяғыңның астындатапталып,
Басымды иіп, алдыңда тұрмынақталып.
Екі жыл өтті, жолықтым сағанынтық боп,
Еліктей үркіп, қашасың негесақтанып?
Лапылдап жанған сезімімдіқайтіп тыя алам,
Талдырмаш денең, бөтенге қайтіпқия алам?
Сүйемін сені, сүйемін сенімәңгілік,
Сөздерді осы айтуға кейдеұялам.
Жәудіреп мөлдір, тұңғиық көзіңтартады,
Уайым деген бұлттардай көшіп,тарқады.
Ләйласын іздеген Мәжүніндейболып сенделдім,
Өзіңді таптым, аралапСарыарқаны.
Түндерде ұзақ өзіңді ойлап,қиналам,
Қабағыңды ашып, күлкіңді бірсәт қи маған.
Түстің бе көктен мұңайған кездеғайыпта,
Бақытым сенсің қуаныш, жігерсыйлаған.
СҮЙМЕУСЕНІ МҮМКІН БЕ?
Сені сүйем, сүймеу сені мүмкінбе,
Тең келмейді еш нәрсе декүлкіңе.
Ақбоз атқа мініп, желіп,шапқылап,
Барамын мен алып ұшып біркүнде.
Сені сүйем, сүю сені айып па,
Ойланарсың бәрін салып байыпқа.
Жаулап алған көркіңмененөзіңді,
Айырбастап ала алмаймынбайлыққа.
Ұқсамайсың басқа әдеміқыздарға,
Сені ойласам жүрек шіркін,сыздар, ә!
Қорландай сылаңдайсың майысып,
Саған барам, қарамаймынызғарға.
Сені сүйем, сүймей қалай тұра алам,
Қалың қалай, болам соған жиіалаң.
Қиян шетте жүрген сендейсұлуға,
Ғашық қылған бұл тәңірге таңқалам.
Нұр-Сұлтанқаласы