03:30, 22 Наурыз 2019
Ешкім күтпеген жеңіс
Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі басталды. Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы ойынын өз алаңында Шотландиямен өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Ресми ойындарда мұндай жеңісті көрмегенімізге көп болған. Андорра, Латвия, Фарер аралдары, Әзірбайжан секілді Еуропаның аутсайдер құрамаларын ұтып жүрдік. Бірақ Шотландияның деңгейіндегі командадансоңғы рет 2007 жылдың наурызында айламызды асырған едік. Ол кезде Сербия құрамасын жеңгеніміз бар.Жалпы, наурыз біздің футболшылар үшін бір сәтті ай. Сол 2007 жылы Сербияны, одан кейін жолдастық кездесулерде Грузия, Венгрия құрамаларын да дәл осы күн мен түннің теңесетін мезгілінде қапы қалдырған екенбіз.Енді ойынға көшсек, бұл ойынға Қазақстан құрамасының көшбасшылары Бауыржан Исламхан мен Юрий Логвиненко көмектесе алмады. Екеуі де жарақаттарына байланысты. Есесіне, өзге жастар белсеніп ойнады.Бас бапкер Михал Билек Юрий Перцух, Темірлан Ерланов, Ян Вороговский, Бактиер Зайнутдинов секілді жастарға мүмкіндік екен. Үміт артқан ойыншылары сенімді ақтады. Сондай-ақ Алматы облысының Есік қаласына дүниеге келіп, кейіннен ата-анасымен бірге тарихи отаны Германияға көшіп кеткен Александр Меркель алғашқы минуттан алаңға шықты. Оның матчтың 6-минутында алаң ортасынан қиып берген пасын Юрий Перцух голға айналдырды.Жерлестеріміз мұнымен тоқтаған жоқ. Осы ойынға команданы капитан ретінде бастап шыққан Исламбек Қуатты шедевр пасын «Қайрат» сапындағы әріптесі Ян Вороговский тиімді пайдаланды. Есеп – 2:0. Бірінші тайм осылай аяқталды.Ал екінші кезеңде Ғафуржан Сүйімбаевтың әуелетіп асырған добын қақпаның алыс бұрышында тұрған Бактиер Зайнутдинов баспен ұрды. Бұл соққыға қақпашы Скотт Бейн дайын болмай шықты. Бүгін жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Жақсы бастадық. Алғашқы екі голды жаттығуда жасаған дайындықтың арқасында соқтық. Біз лайықты жеңіске жеттік деп ойлаймын.Әрі қарай Шотландия футболшылары қапталдар арқылы шабуылдауға әрекет етті. Алайда, Қазақстан құрамасының қорғаушылары қарсыластың ойыншыларын айып алаңына жақындатпады.Сөйтіп, Еуропа чемпионатының алғашқы турын сәтті аяқтадық. Енді, 24 наурызда Ресейді қабылдаймыз.Қазақстан – Шотландия –3:0 Голдар: Юрий Перцух 6, Ян Вороговский 10, Бактиер Зайнутдинов 51Қазақстан: Дмитрий Непогодов, Ян Вороговский, Темірлан Ерланов (Елдос Ахметов, 81), Евгений Постников, Сергей Малый, Ғафуржан Сүйімбаев, Исламбек Қуат, Юрий Перцух, Александр Меркель, Бактиер Зайнутдинов (Серікжан Мұжықов, 84), Роман Муртазаев (Бауыржан Тұрысбек, 68).Шотландия: Скотт Бэйн, Лиам Палмер, Грэм Шинни, Джон Макгинн (Скотт Мактоминей, 70), Дейвид Бейтс, Скотт Маккенна, Джеймс Форрест (Марк Макнальти, 81), Каллум Макгрегор, Оливер Макберни (Джонни Рассел, 61), Стюарт Армстронг, Оливер Бёрк.Бас төреші: Срджан Йованович (Сербия).Матчтан кейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек тілшілердің сауалына жауап берді:– Есепке таңқалған боларсыз?– Мұндай нәтижені ешкім күткен жоқ. Бірақ ойын барысында тағы да гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды. Сондықтан бәрі дұрыс деп ойлаймын.– Команда өте көп жас ойыншылар өнер көрсетті. Жастарға сенім артуыңыздың сыры неде?– Қорғаушы Темірлан Ерланов жарақат алған Юрий Логвиненконы ауыстырды. Юрий Перцух пен Ян Вороговский өз командаларында жақсы ойнап, оқу-жаттығу жиынында ұлттық құрамаға ойнауға лайық екенін дәлелдей алды. Қалған футболшыларда жақсы дайындықпен келді.– Бізде деңгейі жоғары қарсыласты жеңдіңіз. Футболшыларды қалай қайрадыңыз?– Мұндай жеңістер күн сайын бола бермейді. Ойынға жақсы дайындалдық. Шотландия құрамасының өткен ойындарын қайта қарап шықтық. Олардың жылдам шабуылдарына мүмкіндік бермеу керек екенін жақсы түсіндік. Айып алаңымызға пас өткізбей, өз мүмкіндігімізді іздедік. Орталық алаңда ұйымшылдық танытып, жоғары қарқынды ұстауға ұмтылдық. Әдемі голдарды соқтық деп ойлаймын.– Енді Ресеймен кездесеміз. Бұл матч та өте маңызды. Ол ойынға қандай тактика қолданасыз. Тағы да бес қорғаушы шығарасыз ба?– Шотландияның ойындарын қарап шықтық. Сондықтан 5-3-2 тактикасын қолданғанымыз дұрыс деп шештік. Енді Ресейге қарсы өзгеріс болады.Бүгін алаңға шыққан футболшылар үмітті ақтады. Олардың жағдай қалай болатын бақылаймыз. Матч алдындағы жаттығудан кейін Ресеймен ойында алаңға шығатын футболшылар белгілі болады.– 2012 жылы Еуропа семпионатында Чехия құрамасының бас бапкері ретінде Ресейден 1:4 есебімен ұтылып қалғаныңыз бар. Қарымта қайтаруды көздейтін боалрсыз?– Иә, есімде сол ойын. Келесі ойында жаңа командамен жеңіске жетемін деп ойлаймын.Фотоларды автор ұсынды.