Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:54, 22 Қараша 2020

Эстафета Душанбеге жолданды

None
None

Бүгін Шырайлы Шымкенттен Мәдени астана эстафетасы салтанатты түрде Душанбеге жолданды.

Салтанатты жиын Цитадель қалашығында ұйымдастырылды.

«Шымкент — ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы бүкіл әлемді жайлаған пандемиямен тұспа-тұс келді. Соған қарамастан осы жылдың аясында шымкенттіктер өздерінің еңбекқор, мейірімді, достыққа адал әрі жаңашылдыққа бейім екенін көрсете білді. Карантин достығымызға сызат түсіре алған жоқ.

Айтулы жылдың тікелей эфирде өткен салтанатты жабылу рәсімінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.

—Тарихы тереңде жатқан көне шаһар — Шымкент қазір де ТМД ғана емес, бүкіл Азиядағы мәдениеті бай әрі саналуан қалалардың бірі.

«Шымкент — ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы бүкіл әлемді жайлаған пандемиямен тұспа-тұс келді. Соған қарамастан осы жылдың аясында шымкенттіктер өздерінің еңбекқор, мейірімді, достыққа адал әрі жаңашылдыққа бейім екенін көрсете білді. Карантин достығымызға сызат түсіре алған жоқ. Пандемияға қарамастан жыл бойына онлайн форматта 1700-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сөйтіп, тарихымыздың тереңде жатқанын, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің бай екенін бүкіл әлемге тағы бір мәрте паш еттік. Бүгін осы іске атсалысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Тегтер: