«Етімізді мақтады»: Қазақстан Францияға жылқы етін жеткізуді жоспарлап отыр
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ақорда кулуарында франциялық делегациямен өткен келіссөзден мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zhasalash.kz.
«Кеше француздармен жылқы етін экспорттау жөнінде әңгімелестік. Өйткені Франция – жылқы етін тұтынатын ел. Қазір бізде 32 жеткізуші Жапонияға жылқы етін апарып жүр. Енді Францияға жеткізілім көлемін арттыру керек. Кеше француз делегациясына жылқы етінен дәм татқыздық. Оларға ұнағандай болды», – деді вице-премьер.
Сондай-ақ министр елдегі жылқы етінің өндірісіне тоқталды.
«Қазіргі кезде біз ауыл шаруашылығы бойынша тәжірибелік станцияны құруға шешім қабылдап жатырмыз. Ақтөбеде мал шаруашылығы институтының бөлек филиалы болады. Олар жылқы өсірумен ғана айналысады», – деп атап көрсетті Жұманғарин.
Посмотреть эту публикацию в Instagram