Бүгін, 18:34
Feminita белсендісі Жанар Секербаеваның үстінен қылмыстық іс қозғалды
2025 жылғы 22 қарашада Астанада «Френч» дәмханасында Зиуар Жұманованы ұрды деп айып тағылған. Іс Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы «Ұрып-соғу» бойынша тіркелген.
Дегенмен Секербаева айыптауларға келіспейді. Оның сөзінше, бұл іс оның белсенділігімен байланысты.
«Feminita-дағы әріптестеріммен бірге 11 жыл бойы Қазақстандағы ЛГБТИК+ өкілдерінің құқықтарын қорғағаным үшін бе? Қорықпай өмір сүріп, белсенділікті тастамағаным үшін бе? Әділетсіздік, дискриминация, әйел құқығының бұзылуымен жан-тәніммен күресемін», - деді ол.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.