Fiestalonia Almaty-2019 халықаралық байқауы аяқталды
Алматы қаласында ән мен би бағыты бойынша өнерпаздар сынға түскен кең көлемдегі Fiestalonia Almaty халықаралық байқауы мәресіне жетті.
Бұл байқаудыңартықшылығы – байқау жүлдегерлерінің дипломдары дүние жүзі бойынша мойындалған.Сол себепті де, байқау жеңімпаздары бұдан да ірі Еуропада өтетін бірқатарәлемдік додаларға жолдама алды. Аты халықаралық болғандықтан тек қатысушыларғана емес, жеңімпаздарды анықтаушы топ – қазылар алқасының бірнеше мүшесі дешетелдік мамандар.
Сайысқа ТМДелдерімен қатар әлемнің өзге елдерінен келген 200 үміткер қатысты. Биыл бесіншімәрте ұйымдастырылып отырған «Fiestalonia Almaty» халықаралық байқауыныңіріктеу сындары әртүрлі мемлекеттерде өтті. Ақтық сынға өз елінде топ жарғанөнерпаздар ғана қатыстырылғанын айта кету керек.
Корнкурстыңшартына сәйкес, сайыстың алғашқы күні музыкалық аспапта ойнайтындар менакадемиялық вокал бойынша өтсе, екінші күні поп, джаз жанры бағыты мен бишілергеарналды. Қазылар алқасы биылғы қатысушылардың деңгейі әдеттегіден жоғарырақболғанын айтады.
— Мағанқатысушылардың құрамы мен ұйымдастыру жағы қатты ұнады. Бұл жарыстыңдеңгейі жоғары. Мен сіздердің өнерлеріңізді көру үшін келдім. Қазақ музыкасыныңұлттық бояуы керемет, — дейді мәскеулікЕлена КУЗМИНА (қазылар алқасының мүшесі).
«Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында ұйымдастырылған конкурстың негізгі мақсаты – балалар менжасөспірімдердің шығармашылық жетілуіне ықпал ету. Жас жағынан алғанда ең жасқатысушы алты жаста. Бекет СӘТБАЙ бұған дейін де бірнеше байқауларға қатысыпүлгеріпті. Ол бұл байқауда би бойынша 2-ші орын алып, Грузияда өтетін жарысқажолдама алды.
— Менің биім «жасжігіт» деп аталады Ең бастысы — аяқтың басымен, саусақтың ұшымен тұру керек. Тағысол сияқты қимылдар көп. Жалпы грузин биі қиын, — дейді жарыстың ең жасжүлдегері.
Жалпы, бұлбайқауды о баста фестиваль-байқаулар ұйымдастыруда көшбасшыларының біріиспаниялық Fiestalonia Milenio комитеті ұйымдастырған. Дипломдары менмарапаттарын, жолдамаларын әлемдегі жетекші федерациялар мен ресми құрылымдармойындаған.Байқауға кез келген өнерпаз қатыса алады. Италия, Франция, Испаниядасияқты көшбасшы елдерде өтетін жарыстарға қатысуға, тегін жолдама ұтып алуғамүмкіндік зор.
Конкурсқа ҚазақстанРеспубликасындағы Испания корольдігінің елішілігі мен Қазақстан Республикасыныңбілім және ғылым министірлігі, Қазақстан Республикасының мәдениет және спортминистрлігі, Алматы қаласы Білім басқармасының, Алматы қаласы мәдениет және архивтербасқармасының қолдау көрсеткенін айта кету керек.
Байқаудың барлыққатысушылары 1,2,3 дәрежелі дипломдармен, Гран При кубоктарымен және арнайысыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, тегін шеберлік сабақтарына қатысып,вокал, хареография бойынша білікті мамандардың лекциясын тыңдауға, үлгісіналуға мүмкіндік алды.
Алматы қаласындаосымен бесінші мәрте ұйымдастырылған байқау Алматының дәстүрлі конкурсынаайналып келе жатыр деуге болады. Байқаудың басты мақсаты да Қазақстаның руханиқазыналы мәдениетін халықаралық деңгейде көрсету төңірегінде. Жыл сайынқатысушылар мен көрермендер аудиториясы кеңіп, көбейіп келе жатқанын айтадыұйымдастырушылар.
Фото: travelcalendar.ru