10:38, 04 Сәуір 2020
ФИФА: Ұлттық құрамалардың маусым айындағы ойындары кейінге шегеріледі
<p style=«color:#282C32;font-family:» font-size:16px;background-color:#ffffff;"=""> FIFA басшылығы конференц-байланыс арқылы ұйымдастырылған алғашқы кездесуден кейін бірқатар ұсыныстарды мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz. <p style=«color:#282C32;font-family:» font-size:16px;background-color:#ffffff;"=""> Ұсыныстардың бірі — ұлттық құрамалардың маусымға жоспарланған барлық матчтарын кейінге қалдыру.
<p style=«color:#282C32;font-family:» font-size:16px;background-color:#ffffff;"=""> «FIFA барлық конфедерация өкілдеріне оң үлестері мен ынтымақтастықтары үшін алғыс білдіріп, осындай шешімдер қабылдауға себеп болған бірлік, ынтымақтастық және өзара түсіністік рухын ерекше атап өтеді. ФИФА денсаулық сақтаудың әрдайым кез-келген шешім қабылдау кезінде басты басымдыққа ие болатынын және басты критерий болуға тиіс екенін үнемі қайталап айтады», — деп мәлімдеді ұйымның ресми сайты. <p style=«color:#282C32;font-family:» font-size:16px;background-color:#ffffff;"=""> Коронавирустық инфекцияның бүкіл әлемде таралу қаупіне байланысты спорттық шаралар жаппай кейінге шегеріледі немесе толық тоқтатылады. Спортшылар карантин ережелерін қатаң ұстана отырып, спорттық формаларын жеке-жеке қалпында ұстап отыруға тиіс. COVID-19 алғаш рет Ухань қаласында (ҚХР) өткен жылдың соңында тіркелген. Әлемде 1 миллионнан астам адам вирус жұқтырған. Соның ішінде 58 мыңнан астам адам көз жұмды. Вирус жұқтырғандардың 210 мыңнан астамы емделіп шықты.