Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:00, 07 Қараша 2025

Филиппинде «Калмаеги» тайфуны қатты соғып, 140 адам қаза тапты

1
Фото: virtualbrest

Филиппинде «Калмаеги» тайфуны қатты соғып, 140 адам қаза тапты

Тағы 127 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Табиғи апат салдарынан 430 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды.

5 қараша күні тайфун елдің ең ірі аралдары — Лусон, Висаяс және Минданао аумағындағы 24 провинцияны шарпыған. Бірқатар өңірлерде жарық өшіп, әуе қатынасы тоқтатылған.

Синоптиктердің дерегінше, «Калмаеги» құрлыққа жеті рет соққан, нәтижесінде инфрақұрылым мен тұрғын үйлерге үлкен залал келген.

Тегтер: