Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:18, 08 Сәуір 2019

Фируза Шарипованың промоутері: Министрлікпен олай келіскен жоқпыз

Министрлік бөлген ақша бокс кешін ұйымдастыруға жетпейді

Мәдениетжәне спорт министрлігі қазақстандық боксшы Фируза ШАРИПОВАНЫҢ жекпе-жегі үшін74,8 млн теңге көлемінде қаржыны қандай жағдайға сүйеніп бөлді деген сұрақтыңбасы әлі ашық тұр.

ҚР Мәдениетжәне спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің жақындағана тағайындалған басшысы Серік СӘПИЕВ боксшының «ақша жоқ» дегенмәлімдемесіне орай жауап бергенмен, министрліктің нақты ұстанымын жеткізбеген.

Сәпиевмәлімдемесінен түсінгеніміз, министрлік ақшаны маңызды жекпе-жек өткізу үшінбөлген. «Аса маңызды бірлескен кездесуге» бөлінген қыруар ақша кезекті «қорғаужекпе-жегіне» жұмсап жіберген (Сәпиевтің сөз саптасынан боксшыға кінә артубайқалады) боксшы қыздың командасы не айтады? Осы мақсатта Шарипованыңпромоутері, ресейлік менеджер Сергей ЗАВИЛЬСКИЙГЕ бірнеше сұрақ қойдық. Сергейіссапарда жүрсе керек, сұхбатты ұшақта отырып берді.

Фирузаныңпромоутері бұл қаржының Қазақстанда өткен EXPO көрмесі аясындаұйымдастырылғанын айтады. Бір қайшылық – бұл кездесудің көрме өткен Астанадаемес, Ресейде ұйымдастырылғаны.

— Сергей, армысыз! Қазір талай дауға себепші болғанФируза Шариповаға қатысты мәселеге қысқаша анықтама бере кетсеңіз.

— Қазіргі таңдағы жалғыз қиындық — қаржының жоқтығы.

— Жалғыз мәселе осы ғана ма?

— Иә, жалғыз қиындық осы. Біз барынша өз қаржымызды шығындап, оғанкөмектесудеміз. Ақшамызды салып жатырмыз. Фируза 20-шы сәуір күнгі жекпе-жегінедайындық жасауда. Өкінішке қарай ақшаның жоқтығынан бұл титулды кездесуболмайды. Бірақ Фирузаға қарқынын бәсеңдетпеу үшін жекпе-жектер өткізу қажет.

— Қарсыласы кім?

— Әзірге кіммен жұдырықтасатыны белгісіз, іздестірудеміз.

— Жекпе-жегіне санаулы ғана күн қалды…

— Әрине аз уақыт қалды. Бірақ бокс саласы үшін бұл жағдай қалыпты көрініс.Тіпті бір күн қалғанда қарсыласы ауысып кетіп жатады.

— Титулды жекпе-жек болмаған соң кіммен шықса да маңыздыемес қой, демек?!

— Әрине олай емес. Фируза үшін әр жекпе-жек маңызды. Бұл кездесу рейтингтіайқас болады.

— Бірақ жекпе-жек кешінің жарнамасын мүлде көрмедік…

— Жекпе-жек Ресейде, Мәскеу облысындағы Флойд Мейвезердің боксакадемиясында өтеді.

— Бұған дейін Фируза төрт бірдей чемпиондық белбеудіңиесі деп жиі айтылып жүрді… Бірақ бұл белбеулер әлемдік бокстағы ең беделдітұжырымдарға тиесілі емес…

— Мұны сізге кім айтты?! WBC ең атақты әрі беделді тұжырым деп саналады.Фируза WBC белбеуінің иегері болды.

— Нақтырақ айтсақ бұл WBC Silver белбеуі емес пе?

— Иә, WBC Silver белбеуі. Бұл екінші санаттағы чемпион деген сөз. Соныменқатар WBC Gold яғни «негізгі чемпион» деген атақ тағы бар. Фирузатізімде екінші орында тұрды. Ол тіпті негізгі белбеуді де еншілеп чемпионатанар еді. Бірақ ақшаның тапшылығына байланысты, бұл чемпиондық жекпе-жектіөткізе алмадық.

— Ақша тақырыбына оралсақ. Фирузаға осы WBC тұжырымыныңнегізгі чемпиондық белбеуіне таласуы үшін мемлекет 74,8 млн теңге бөлді. Алайдаол өзіне тиесілі WIBA және WBU белбеулерін қорғады. Қаржы тиісті мақсатқажұмсалмады деген жанкүйер жұрттың айыптауларына қатысты не дейсіз?

— Мен бұл айыптауларға мүлде келіспеймін. Ең алдымен бұл мемлекеттің емес,қордың ақшасы еді.

— Ол қандай қор?

— Дәл қазір ұшақтың ішінде отырмын. Есіме түспей тұрғаны… Алайдамемлекеттің ақшасы еместігін толық сеніммен айта аламын. Фируза ең бастысырингке шығып, өз белбеулері үшін айқас өткізді. Бұл бөлінген ақшаны салғыртжұмсау емес. Уақытында қорғамағандықтан Фирузадан WBC және IBO тұжырымдары өз белбеулерінтартып алды. Дегенмен, ол қос бірдей салмақ дәрежесінің чемпионы деген атағыбар Қазақстандағы жалғыз боксшы. Өкінішке орай Геннадий Головкиннің өзініңсоңғы жекпе-жегінде белбеулерінен айырылып қалды ғой. Ал Фирузаға қазір WIBAжәне WBU белбеулері тиесілі.

(ФирузаШарипова 59 келі салмақ дәрежесінде WBC Silver, IBO Championship белбеулерініңиесі болды. Қазір ол 62 келі бойынша WIBA және WBU тұжырымдарының чемпионы. –Ред.)

— Фируза Шариповаға жоғалтып алған белбеулерін қайтаруүшін енді қанша жекпе-жек өткізу қажет?

— Бірінші жекпе-жектен-ақ Фируза чемпиондық кездесулер өткізе алады.Өйткені Шарипова негізгі тұжырымдардың рейтингінде жоғарғы орындарда тұр.

— Барлығы тағы да ақшаға келіп тіреледі ғой?

— Иә, 500 мың АҚШ долларындай демеушілік көмек жасалса, Фируза негізгічемпиондық жекпе-жекке шығатын мүмкіндікке ие болады. Ол әйгілі BoxRec сайтыныңрейтингінде әзірге бізге белгісіз себептермен 36-орында тұр. Дегенмен, беделдіWBA тұжырымының соңғы жаңарған тізімінде бірінші орында орналасқан еді.  IBF, WBO көшінде Фирузаға үшінші орынтиесілі. Ал чемпиондық белбеуінен айырылған соң, WBC тұжырымына қатысты нақтыақпараттар әзірге менде жоқ.

— Қазақстанда Фирузаның шығынын көтеруге даяр демеушітабылды делік. Ол жекпе-жек үшін өзі жұмсаған 500 мың доллардың қандай игілігінкөре алады?

— Ол демеуші ең бірінші Қазақстан жұртының алдында қаһарманға айналады.Өйткені Фирузаға қатысты жаңалықтарды қазір БАҚ өкілдері таласа жазуда. ТіптіҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге жасаған іс сапарына қатыстыақпарат, Фирузаға қатысты даулы деректердің көлеңкесінде қалып қойды. Оқылымыжағынан бұл жаңалық резонанс тудыра алды. Демеушіге келетін болсақ, ол әлемнің100 шақты елін қамтитын телетрансляция мүмкіндігіне ие болады. Өзінің брендінжарнамалау үшін ауқымды эфир уақытын еншілейді деген сөз. Телевизиядағы жарнамажасаудың құнымен салыстырсақ, демеуші ақшасын 100 есе ақтап алмақ. Фирузаныңчемпиондық белбеуді жеңіп алған Алматыдағы жекпе-жегін Fox Asia телеарнасыбірнеше мәрте қайталап көрсетті. 

— Fox Asia демек Азия аумағын ғана қамтиды ғой?

— Азия аумағы дегеніміз үлкен аудитория. Сонымен қатар Фиузаның жекпе-жегін«Матч Тв», «Бокс ТВ», «БОЕЦ» тәрізді ресейліктелеарналар да көрсетті. Қазақстанда «Хабар» арнасы тікелей эфирдетаратты.

— Қазақстандық кейбір БАҚ беттері, Фирузаны өзініңбиігінен тым жоғары етіп көрсеткісі келеді. Қазіргі халық ақысы төленгенжарнама мен шынайы туындаған насихаттың арасын ажырата алатын күйде. Сіздіңкомандаңыз неліктен осы әдіске құштар?

— Қазақстандық БАҚ-тың ешбірі біздің әріптесіміз емес. Ақылы түрде жарнамажасамаймыз. Барлық журналистер Фирузаның спорттағы жетістігі мен өзінбағалағандықтан, ол турады жазады. Фируза жайлы кез-келген жаңалық ол үлкенрейтинг әкеледі.

— Қазақстан тарапынан Фирузаның жекпе-жектерінұйымдастыруға қанша мәрте нақты қаржылай демеушілік жасалды?

— Фируза ең бірінші EXPO халықаралық көрмесі аясында титул еншілеп, солкездесуіне алғаш рет ақшалай қолдау жасалды. Екінші мәрте «Самұрық Қазына»қоры қаржы бөліп, Фируза 2017 жылы Алматыда WBC, IBO белбеулерін иеленді. Осылайша Шарипова екі салмақта бірдейчемпион атаған боксшы қыз ретінде Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Бұлоқиғаның арқасында Қазақстанды әлемнің біраз елі таныды. Үшінші мәрте былтырғыжылдың көктемінде, EXPO аясында еншілеген белбеулерін қорғау үшін Фирузаға,Мәдениет және спорт министрлігі ақшалай көмегін білдірді.

— Осы министрліктің қаржысы Фирузаға чемпиондықбелбеулерді қорғау үшін бөлінді деген ресми ақпарат, сол құзырлы органныңсайтында жарияланды. Спорт комитетінің басшысы Серік Сапиев те бұл ақпараттырастап отыр.

— Ол сайтта жарияланған мәлімдемедегі ақпараттар нақты емес. Фируза WBCчемпионы Ева Вальстреммен жұдырықтасады деп бастапқыда келіспеген болатынбыз.Өйткені ол жекпе-жекті өткізу сол сәтте мүмкін емес еді. Фирузаның еншісіндегітитулдары қорғалуы тиіс болғандықтан, МСМ бөлген қаржыға біз WIBA және WBUбелбеулерін қорғау үшін басқа қарсыласпен кездесу ұйымдастырдық. Әрі қарайқаржылай қолдау үзілмейтін болса, біз Ева Вальстреммен жұдырықтасудыжоспарлаған едік. Ол келесі қарсылас болуы тиіс еді.

— Фирузаға мемлекет тарапынан көрсетілген үш бірдейқаржылай көмектің жалпы сомасын айта аласыз ба?

— Қазір жалпы мөлшері есімде жоқ, ұшақта отыр едім. Бір шетінен бұл өте көпақша. Екінше жағынан Фирузаға бөлінген ақшаның барлығы тиімді игірлгендіктен,бұл сомманы көп деп санамаймын. Шарирова өз тарапынан жекпе-жектерге шығып,жеңіске жетіп, міндеттерді жемісті орындап, Қазақстанның мерейін асырды. Бұлқаржылай көмекті көрсеткен адамдардың да біздің жұмысымызға көңілі тоқ.

— Кәсіпқой бокстың отаны саналатын АҚШ елінде, боксшығамемлекет қамқорлық танытады деген түсінік мүлде жоқ. Жекелей промоутерліккомпаниялар спортшыға ақша салып, өсіріп, оның бар шығынын өз мойнына жүктейді.Кейін үкілеген боксшысы жақсы деңгейге жеткенде, қаламақсының бір бөлшегі солпромоутерлердің қалтасына түсетін пайдаға саналады. Бірақ сіздің жұмыс істеумәнеріңіз неліктен өзгешелеу?

— Бұл ойыңызбен мүлде келіспеймін. Әлемде көптеген боксшылар кәсіпқойрингке алғашқы қадамын жасағанда, мемлекеті оны қолдайды. Фируза бокста біразбиіктерді бағындырған талант. Ол қысқа уақыттың ішінде, қазақстандық кәсіпқойбоксшылар жетпеген жетістіктерге қол жеткізді. Тіпті Головкиннің өзі бүгінгібиігіне жету үшін, біраз жыл тер төккен. Мен сондықтан Фирузаны ерекше талантиесі деп санаймын.

— Фирузаның чемпиондық белбеулерін тартып алу ісіндесаяси және экономикалық астар бар деп қалдыңыз. Нақтылай айтсаңыз?

— Бастапқыда Фирузаның жекпе-жектерін өткізуге «Самұрық Қазына»тарапынан қаржылай қолдау үнемі болады деп келіскен едік. Бірақ ол жақтағыбасшылық ауысқан соң, біздің бағдарламамыз тоқтап қалды. Егер келісімбұзылмаған болса, Фирузаның деңгейі Головкиннен кем болмас еді бүгінде.

— Қазір сіздерге қаржылай көмекті кім жасайды? Демеушініқайдан іздемексіздер?

— Фирузаның бір өзі өте қымбат жоба. Ол Мәскеуде тұрады, жаттығады.

— Мәскеудің шығынын, АҚШ еліндегі бокс нарығыныңшығынымен салыстыру орынды ма?

— Екі жақтың да шығыны бірдей деп айта аламын. Фирузаның кәсіпқой бокстажүргеніне үш жылға жуықтап қалыпты. Оның келешегі әлі алда деп білемін.Фирузаны Америкаға бірден аттандырып жіберсек, оны жоғалтып алуымыз мүмкін еді.Сондықтан алдымен ол белгілі бір деңгейде ысылған соң, жауық арада АҚШ елінжаулауға аттанады деп сенемін.

— Фирузаның өз жекпе-жегінен тапқан ең жоғарғы гонорарықанша?

— Ол соңғы жекпе-жектерінің әрқайсысында 100 мың АҚШ долларынан алды.

— Промоутері әрі менеджері ретінде, Фирузаның табысыныңқанша мөлшері сізге тиесілі?

— Мен келісімшартқа сәйкес оның гонорарының 20%-ын алып отырамын.

— Фирузаның гонорары мемлекет бөлген қаржыдан төлене ме?Әлде жарнамалық алаң ұсынып, қосымша демеушілер тартасыздар ма?

— Министрлік тарапынан бөлінген ақша Фирузаның жекпе-жектеріндей бокс кешінұйымдастыруға жетпейді. Сондықтан біз қосымша демеушілерді үнемі іске қосамыз.Алдағы 4-5 жылда Фируза әлемге әйгілі МакГрегор мен Мейвезер секілдімиллиондаған доллар ақша табады деп сенемін. Тек қазір оған қаржылай жәнебасқалай көмекті аямай көрсету қажет. Қазақстандық кәсіпкерлерді бізді қолдауғашақырамын. Рақмет!

— Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Серік НОЯНБАЙҰЛЫ

Фото: nevasport.ru

Тегтер: