Forbes тізіміндегі кәсіпкерлерді билеткен миллионер кім?

Миллионер Нұрлан Смағұловтың 60 жылдық мерейтойында Мұхтар Жәкішев пен Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер сахнаға шықты.
Mega сауда орталықтары желісінің иесі, кәсіпкер Нұрлан Смағұлов 60 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Салтанатты шараға еліміздің белгілі тұлғалары мен кәсіпкерлері жиналды. Олардың арасында әйгілі велошабандоз, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, блогер Алишер Елікбаев, актриса Динара Сұлтан және елдегі ірі кәсіпкерлер болды.
Мерейтой қонақтары үшін ерекше сәттердің бірі — сахнаға бұрынғы «Қазатомпром» басшысы Мұхтар Жәкішев пен медиамагнат Арманжан Байтасовтың шығуы болды. Айта кетейік, Арманжан Байтасов жуырда ғана Смағұлов туралы «Нұрлан Смағұловтың принциптері» атты кітап шығарған болатын.
Туған күн иесіне арналған мерекелік кеш шетелдік жұлдыздардың қатысуымен жалғасты — сахна төрінде аты аңызға айналған америкалық Kool & The Gang тобы өнер көрсетті.
Іс-шара сән-салтанаты, жұлдызды қонақтар мен ерекше атмосферасымен көпшіліктің назарын аударды. Кеш қонақтары кәсіпкерді шын жүректен құттықтап, оның елдегі ірі бизнеске және қоғамдық өмірге қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Смағұловтың туған күні – бұл жыл сайынғы экономикалық форум сияқты: бәрі бар, тек баяндама жоқ!