Франция Қазақстан мен Өзбекстанға әскери ұшақтарын сатуға ниетті
Францияның Dassault Aviation аэроғарыштық компаниясы Өзбекстан мен Қазақстанға Rafale әскери ұшақтарын сатуға ниет білдірді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Франциядағы БАҚ мәліметінше, Өзбекстанға 24 жауынгерлік ұшақ жеткізу науқаны басталған.
“Бірнеше дереккөздердің жазуынша, Dassault Aviation бірнеше ай бойы Франция екіжақты қарым-қатынастарын тереңдеткісі келетін Орталық Азияның осы екі елін белсенді түрде зерттеп жатыр. Бұл Эммануэль Макронның қарашаның 1-і мен 2-сі күндері Қазақстанға, одан кейін Өзбекстанға жасаған сапарының түйіні болды. Француз мемлекет басшысының бұл қысқа сапары Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің 2022 жылғы 21 және 22 қарашадағы Францияға, одан кейін 29 және 30 қарашада қазақстандық Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға жасаған сапарларынан кейін болды”, – деп жазды басылым.