Бүгін, 09:41
Freedom Ticketon «Қайрат» – «Реал» матчының билеттерін қайтаруға ниетті

Алматыда өткен «Қайрат» – «Реал» кездесуі кезінде туындаған даудан кейін Freedom Ticketon стадионға кіре алмаған жанкүйерлерге билет ақшасын қайтаруға дайын екенін хабарлады.
Компанияның түсіндіруінше, қайтарым тек ресми арналардан сатып алынған билеттерге ғана жасалады. Ал шағымдардың шамамен 75%-ы алыпсатарлардан алынған билеттерге қатысты, ондай жағдайда қаржы өтелмейді.
Қайтару рәсімі үшін көрермендер қолдау қызметіне ЖСН мен төлем жасалған карта деректерін ұсынуы қажет. Әр өтініш жеке қаралады.
Freedom Ticketon әлеуметтік желілерде тараған «ақша жаппай қайтарылмайды» деген жазбаларды негізсіз деп мәлімдеді.