08:01, 25 Сәуір 2020
Футболшылар маскамен ойнайды
Германия Еңбек министрлігі Бундеслига маусымы қайта жанданған жағдайда тиісті шаралар әзірледі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Құжаттың бір тармағына сәйкес, ойыншыларға арнайы маскалармен ойнау талап етілуі мүмкін.
Бұл бапкерлерге, төрешілерге және матчтардың басқа қатысушыларына қатысты шара болмақ.
Сонымен қатар, егер маска шешіліп кетсе, онда ойын дереу тоқтатылады.
Ойыншылар әр 15 минут сайын жеке қорғаныс құралдарын ауыстырып отыруы керек және дәл осы кезде футболшылар бір-бірінен 1,5 метр қашықтықта болға тиіс.
Ойыннан тыс байланысқа да тыйым салынады. Мәселен, ойыншылар соғылған голдарды бірге тойламауы керек.