Ғани Бейсембаев өзінің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді

Бірнеше өңірдің мектеп мұғалімдері министрдің отставкаға кетуіне қатысты петиция жинады. Осыған орай Мәжіліс отырысында БАҚ өкілдері министрден петиция жинағандарға деген көзқарасы мен жеке ойын сұрады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
«Құжаттарды «Ашық АНҚ» порталында жарияладық. Құжаттарды мұқият оқысаңыздар, ондағы негізгі идеология оқушының жетістігі арқылы мұғалімнің жетістігін бағалауды көздейді. Бұған дейін аттестация негізінен мұғалімдердің портфолия жинауына өзінің жетістіктеріне ғана негізделген болатын. Енді мұғалімдердің сұранысы бойынша және сарапшы топтардың жұмысының негізінде бұл әбден сараптамадан өткізіп, ұсыныстарды өткіздік. Сондықтан мұнда керісінше, мұғалімдердің артық тестіден өткізуге, 30 жыл қызмет еткен немесе зейнетке шыққанға дейін тест тапсырып, аттестациядан өту мәселесі көп қозғалған болатын. Бұдан бөлек, жалпы тестердің сапасына сын айтылатын. Бұған дейін де негізінен аттестацияға өте көп сын болды. Сол айтылған сынның бәрін жаңа ережеде ескерілді. Сондықтан да мұнда ең бастысы біздің негізгі бағытымыз балаларға сапалы білім беру, саналы тәрбие беру.
Жалпы кез келген министрді тағайындауды немесе отставкаға жіберуді Мемлекет басшысының қолында. Сондықтан бұл мәселе менің құзыретіме кірмейді», - деді министр.