Газа аймағынан алты қазақстандық эвакуацияланды

Сыртқы істер министрлігі Газа аумағынан алты қазақстандықтың сәтті эвакуацияланғанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, азаматтар шекаралық өткізу пункттері арқылы өткізіліп, Иордания астанасы Амман қаласындағы халықаралық әуежайға жеткізілген. Осы жерден олар Қазақстанға ұшып шыққан.
Эвакуация операциясы Қазақстанның Иордания мен Израильдегі елшіліктерінің бірлесуімен жүзеге асқан. .
Газа секторындағы ахуал
Бұл эвакуация аймақтағы гуманитарлық жағдайдың күрделенуіне байланысты жүргізілді. 8 тамызға қараған түні Израильдің әскери-саяси кабинеті Газа қаласын бақылауға алу жоспарын мақұлдады.
Жоспарға сәйкес, Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) әскери операция басталар алдында Газа қаласы мен оған жақын аудандардың тұрғындарын сектордың оңтүстігіне көшуге шақырады. Ynet порталының хабарлауынша, бейбіт тұрғындар эвакуацияланған соң, қала қоршауға алынып, сол жерде қалған ХАМАС жасақтарына берілу ұсынылады. Егер олар бас тартса, Израиль күштері шабуыл бастамақ.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл қадамның басты мақсаты ХАМАС-ты жою, бейбіт халықты босату және Газаны ұйым мүшесі емес, Израильдің жойылуын қолдамайтын азаматтық басқару құрылымына беру екенін мәлімдеді.