Газа секторында қаза тапқандар саны 15,5 мыңнан асты
Газа секторына жасаған шабуылдан қаза тапқандар саны 15 523-ке жетті
Бұл туралы Газа секторы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ашраф әл-Кудра мәлімдеді. Оның айтуынша, эксклавтың 41 мыңнан астам тұрғыны зардап шеккен.
Палестиналық шенеунік Газа секторында Израиль күштері ұстаған «Әл-Шифа» ауруханасының директоры мен 31 медицина қызметкерінен жауап алынғанын атап өтті.
Еске салайық, 7 қазанда таңертең ХАМАС қозғалысының әскери Израильге қарсы зымыранмен атқылаған. Артынша Израиль армиясы «соғысқа әзірлік» жариялап, ал 8 қазанда елдің «соғыс жағдайына» кіргенін ресми түрде жариялады. Бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан израильдік операция «Темір қылыштар» деп аталды.
Айта кетерлігі, бұған дейін The Wall Street Journal басылымы Израиль мен ХАМАСтың Газадағы гуманитарлық бітімгершілікті сегізінші күнге ұзартуға келіскенін хабарлаған еді.