Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:02, 17 Қыркүйек 2018

Генаға ойлану керек!

Қазақ боксшысы Геннадий ГОЛОВКИН мен мексикалық Сауль «Канело» АЛЬВАРЕС арасындағы жекпе-жекке қатысты әлемнің белгілі боксшылары мен спорт мамандары өз пікірлерін білдіріп жатыр.
Жас Алаш тілшісіне отандық белгілі кәсіпқой боксшысы Марат МӘЗІМБАЕВ өз ойын білдірді.«Екі боксшы кездесуге жақсы дайындалып келіпті. Сауль Альварес бұл жолы тактикасын ауыстырыпты. Бірінші кездесудегідей емес рингтің ортасында тұрып 1 нөмермен айқасты. Қашпады. Қызық боксты тамашаладық. Меніңше тең дәрежедегі жекпе-жек болды. Гена біздің мақтанышымыз! Қазақтың атын шығарып жүрген даңқты боксшымыз. Биыл жасы 36-ға келді. Әуесқой бокстағы жекпе-жектерін айтпағанда, кәсіпқой рингте 40 кездесу өткізді. Бұл оңай емес. Гена бізді нокаутқа үйретіп алған. Бірақ Альварестің жас әрі физикалық тұрғыдан мықты боксшы екенін ұмытпауымыз керек. Оған енді алдағы карьерасы туралы ойлану керек  шығар. Саульмен үшінші кездесу туралы әңгімелер айтылып жатыр. Гена мексикалықпен жеңетін болса ғана шығу керек!», — дейді IBA(2005) және IBF(2007) тұжырымдары бойынша бұрыңғы әлем чемпионы Марат Мәзімбаев. Кеше 16-шы қыркүйек күні Лас-Вегаста Геннадий Головкин ұпай санымен Альварестен жеңіліп қалған еді. Қазақ боксшысыынң бапкері Абель САНЧЕС BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында үшінші жекпе-жек келесі жылдың мамыр айында өту мүмкін екендігін айтты.Фото: vesti.kzМАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 
Тегтер: