Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:10

Геннадий Головкин – Халықаралық бокс даңқ залына енгізілді

Головкин
Фото: из открытых источников

Атақты қазақстандық боксшы, кәсіби бокста әлем чемпионы атанған Геннадий Головкин 2026 жылы Халықаралық бокс даңқ залына ресми түрде енгізілмек.

Бұл туралы ұйым өз сайтында хабарлады.

АҚШ-та орналасқан Бокс мұражайы мен Даңқ залы жыл сайын кәсіби бокстың дамуына ерекше үлес қосқан үш спортшыны қабылдайды. 43 жастағы Головкин – бұл тізімге енген алғашқы қазақстандық боксшы атанады. Бұған дейін даңқ залына украиналық Владимир мен Виталий Кличко, ресейлік Костя Цзю, сондай-ақ Мохаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер, Оскар Де Ла Хойя, Леннокс Льюис, Мэнни Пакьяо секілді әлемдік аңыздар енгізілген.

Ережеге сәйкес, спортшы мансабын аяқтаған соң кемінде үш жыл өткенде ғана даңқ залына ұсыныла алады.

Головкин 2022 жылға дейін орта салмақта (72,5 кг) IBF, IBO және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болды. Кәсіпқой рингте ро 45 рет шығып, 42 рет жеңіп, бір рет тең түсіп, екі рет жеңілген.

Геннадий Головкин – 2004 жылғы Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2002 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы. 2024 жылдан бері ол Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, сондай-ақ жақында World Boxing әуесқой бокс ұйымының басшысы болып сайланды.