Бүгін, 12:22
Геннадий Головкин Криштиану Роналдумен Эр-Риядта кездесті
Геннадий Головкин мен Криштиану Роналду Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта жүздесті.
Кездесуден түсірілген видео Геннадий Головкин-нің Instagram парақшасында жарияланды.
Кадрларда World Boxing президенті әрі Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы саналатын Головкин мен португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду еркін әңгімелесіп тұрғаны көрінеді. Видеода қысқа диалог естіледі: Головкин келесі жылы тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін атап өткен.
Айта кетейік, Головкин мен Роналду бұған дейін де бір алаңда жолыққан. Екі спорт саңлағының бұл жолғы кездесуі де ірі спорттық немесе демеушілік шара аясында өткен болуы ықтимал. Кездесудің нақты форматы мен мақсаты жөнінде әзірге ресми мәлімет берілген жоқ.