Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:52, 15 Сәуір 2020

Германияда теракт әзірледі деп күдікке ілінген төрт тәжік азаматы қамауға алынды

None
None

15 сәуірде Германияда "америкалық әскери нысанға шабуыл жасады" деп күдікке ілінген ДАИШ (өздерін "Ислам мемлекеті" деп атайтын экстремистік топтың араб тіліндегі атауының қысқартылған нұсқасы — ред.

) террористік тобының төрт мүшесі қамауға алынды. Прокурордың хабарлауынша, төртеуі де — Тәжікстан азаматы.

Федералдық прокурорлар күдіктілердің аттарын ғана жариялады: Азизжон Б., Мухаммедали Г., Фарходжон К. және Сунатулло К.

Прокурорлардың айтуынша, 2019 жылы қаңтар айында ДАИШ-ке қосылған төртеуіне террористік топтың Германиядағы ошағын құру тапсырылған. Тергеу орындарының болжамынша, олар бастапқыда Тәжікстанда шабуыл ұйымдастыруды жоспарлағанмен кейінірек райынан қайтып, АҚШ-тың Германиядағы әскери базасын нысанаға алған.

Прокуратура мәлімдемесінде күдіктілердің шабуыл ұйымдастыру мақсатында қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алғаны айтылған. ДАИШ-тің Сирия мен Ауғанстандағы жоғары шендегі өкілдерімен байаныста болған деген болжам бар.

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер: