Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:40

Ғылым Академиясында «Халықаралық қатынастар» зерттеу орталығы ашылып, «Орталық Азия мұраты» кітаптар топтамасының тұсаукесері өтті

1

2026 жылғы 25 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдық мерейтойы аясында маңызды ғылыми-дипломатиялық іс-шара өтті.

 Биыл 80 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған Ұлттық ғылым академиясы – отандық ғылымның стратегиялық бағыттарын айқындайтын, ғылыми саясатты қалыптастыруға үлес қосатын және мемлекет дамуының зияткерлік негізін қамтамасыз ететін жетекші ғылыми институт. Сегіз онжылдық ішінде Академия іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуда, ұлттық ғылыми мектептерді қалыптастыруда, халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейтуде маңызды рөл атқарып келеді. Бүгінде Академия жаһандық ғылыми үдерістерге ықпалдасқан, сараптамалық әлеуеті жоғары зияткерлік орталық ретінде танылып отыр.

1

Мерейтойлық жыл аясында өтетін шаралардың бірі ретінде, Академия жанынан құрылған «Халықаралық қатынастар» зерттеу орталығының ресми ашылу салтанаты және «Орталық Азия мұраты» кітаптар топтамасының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ғылым мен сараптамалық ойды дамыту арқылы халықаралық қатынастар саласындағы зерттеулерді институционалдық тұрғыда жүйелеу, Орталық Азия бойынша ғылыми талдаулардың сапасын арттыру және өңірлік зияткерлік диалогты тұрақты ғылыми ынтымақтастық деңгейіне көтеру.

1

Салтанатты жиында Академияның Басқарма Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлықұттықтау сөз сөйлеп, жаңа зерттеу орталығының отандық ғылымның халықаралық бағыттағы әлеуетін күшейтуге серпін беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігі және БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Алматыдағы басшысы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан Республикасы дипломатиялық өкілдері, халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастық мүшелері, жетекші сарапшылар қатысты.