Головкин Қанат Исламды жеңген боксшымен кездеседі
Қазақ боксшысы ГенадийГОЛОВКИН мен украиналық боксшы Сергей ДЕРЕВЯНЧЕНКО IBF тұжырымдамасы бойыншаәлем чемпионы атағы үшін рингке шығады.
vesti.kz сайтының жазуыншажекпе-жек 5 қазан күні Нью-Йорк қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. IBFбелбеуі бұған дейін мексикалық Сауль АЛЬВАРЕСКЕ тиесілі еді. «Канело»Деревянченкомен жүргізген сәтсіз келіссөзден кейін ол атағынан айрылып қалды.
Генадий Головкин кәсәпқойрингте 41 рет өнер көрсетіп, соның біреуінде ғана жеңіліс тапқан. WBA IBF WBC IBO тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионыболған.
Украиналық боксшы Сергей Деревянченконың жетістіктері көп емес. Әуесқойрингте әлем чемпионатының қола жүлдегері ғана атанды. 2014 жылы кәсіпқой боксқаөтті. Оған дейін жартылай кәсіпқой лигада өнер көрсетті. Milano Thunders,Astana Arlans, Ukraine Otomans командаларында өнер көрсетті.
Айтпақшы, Сергей Деревянченко 2012 жылы Milano Thunders пен Astana Arlansкомандаларының кездесуінде астаналық боксшылардың капитаны Қанат ИСЛАМЕНкездесіп жеңіп кеткен еді.
Фото: sportingnews.com